«Нұр-Сұлтан қаласының Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ басшысы Маңқараев Қайсар Зәкірұлы 1979 жылдың 9 сәуірінде Алматы қаласында туды.
Білімі жоғары, 2000 жылы «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетін, 2004 жылы «Юриспруденция» мамандығы бойынша Оңтүстік-Қазақстан ашық университетін аяқтады.
Еңбек қызметін 2000 жылы «Береке» ЖШС экономисі ретінде бастады.
2004 жылдың қарашасынан 2005 жылдың қарашасына дейін – ҚР Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетінің төлеуге қабілетсіз кәсіпорындарды мониторингілеу бөлімінің жетекші маманы. 2005 жылдың қарашасынан 2010 жылдың тамызына дейін – Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) қызметкері. 2010 жылдың тамызынан 2012 жылдың шілдесіне дейін – «ҚР Парламентінің Шаруашылық басқармасының әкімшілік ғимараттарының дирекциясы» РМКК директорының орынбасары. 2012 жылдың шілдесінен 2013 жылдың шілдесіне дейін – «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары, міндеттерін атқарушы. 2013 жылдың шілдесінен 2016 жылдың мамырына дейін – Орал қаласы әкімінің экономика, бюджет және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары. 2016 жылдың мамырынан 2019 жылдың маусымына дейін – Батыс-Қазақстан облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы. 2019 жылдың маусымынан 2019 жылдың шілдесіне дейін – Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі.
2019 жылдың 12 шілдесінен бастап – Нұр-Сұлтан қаласының Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.