Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
October 2, 2018

Астана қаласының Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының жеке және заңды тұлғалардың жүгінулері туралы ақпараты

Астана қаласының Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасында (бұдан әрі – Басқарма) жеке және заңды тұлғалардың жүгінулерімен жұмыс «Жеке және заңды тұлғалардың жүгінулерін қарастыру тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Жеке және заңды тұлғалардың жүгінулерін есепке алу Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 147 бұйрығымен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың жүгінулерін есепке алу ережесі негізінде іске асырылады.

Басқармаға келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың барлық жүгінулері мерзімінде тіркеледі, барлық қажетті мәліметтерді карточкаға енгізумен электронды тіркеу жүйесі жүргізіледі, өңделеді, орындалады және бақылауға алынады. Барлық жүгінулер бойынша мерзімінде жауаптар жолданып отырады, өтініштерде қойылған сұрақтарға түсініктемелер беріледі.

2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Басқармаға заңды тұлғалардан – 15 жүгіну, жеке тұлғалардан – 6 жүгіну түсті. Барлық жүгінулер қарастырылып, мерзімінде орындалды, жүгінушілерге түсініктер берілді.

Қайталама және анонимді жүгінулер түскен жоқ. Мерзімдері бұзылып орындалған жүгінулер жоқ.

Азаматтардың жүгінулерімен жұмыстың бірі Басқарма басшылығының жеке және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауы болып табылады.

 


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы
Валюта Покупка Продажа
$
P