Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
January 16, 2019

Астана қаласының 2019-2021 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті

Скачать весь документ

1-бөлім

 

Бюджет – мемлекеттің өз міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылай қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері болып табылады.

Бюджет процесi – мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген, бюджеттi жоспарлау, қарау, бекiту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есептiлiктi, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу, мемлекеттiк қаржылық бақылау, бюджеттiк мониторинг және нәтижелердi бағалау жөнiндегi қызметi.

Жергілікті бюджет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 1061 қаулысымен бекітілген Жергілікті бюджеттерді әзірлеу ережесіне сәйкес құрылады.

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 8-бабына сәйкес республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының шешімдерімен бекітіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2018 жылғы 30 қарашадағы № 197-VІ Заңымен қабылданған 2019 жылғы негізгі әлеуметтік көрсеткіштер 

 

Көрсеткіштер 2019 жыл
Өмір сүру минимумы 29 698
Зейнетақының ең төмен мөлшері 36 108
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлеу мөлшері 16 037
Жалақының ең төмен мөлшері 42 500
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 2 525

 

Астана қаласының 2018 жылдың қаңтар – қараша айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары

 

Астана қаласы аумағының алаңы 79,7 мың га құрайды. Халқы 1 065,9 мың адам.

Қала құрамына 4 аудан кіреді: «Алматы» ауданы, «Сарыарқа» ауданы, «Есіл» ауданы, «Байқоңыр» ауданы.

Ұлттық құрам (2018 жылғы 1 қаңтарға): қазақтар – 78,1%, орыстар – 13,4%, басқалары – 8,5%.

  1. Өнеркәсіп

2018 жылдың қаңтар-қарашасында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 9,6%-ға өсумен 544,3 млрд. теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібінде 458,0 млрд. теңге сомасына өнім өндірілді НКИ – 112,6% (металлургия өнеркәсібінде 12,4%-ға, машина жасауда 85,9%-ға, жиһаз өндірісі 5,2%-ға өсім). Индустрияландыру картасы шегінде 2010-2017 жылдар ішінде шамамен 3,5 мың жұмыс орнын құрумен 234,2 млрд. теңге инвестицияның жалпы сомасына 25 жоба іске асырылды

Ағымдағы жылы 600-ден астам тұрақты жұмыс орнын құрумен № 1 индустриялық паркі аумағында 7,7 млрд. теңге жалпы сомасына 6 жобаны пайдалануға енгізу жоспарланды.

Бүгінгі күні 6 жобаның ішінде 4 жоба 170 жаңа жұмыс орнын құру жоспарымен жалпы сомасы 2,5 млрд. теңгеге  іске қосылды.

  1. Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 2 638,9 млрд. теңгені құрады (НКИ – 109,6%).
  2. Шағын және орта бизнес

2018 жылдың 1 желтоқсанына шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп жатқан субъектілерінің саны 118,5 мың бірлікті немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне 121,9% құрады.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шегінде 2010 жылдан бастап 177 716,0 млн. теңге сомасына 1 060 жоба мақұлданды, оның ішінде:

– 819 жобаның пайыздық мөлшерін несиелік желінің жалпы сомасы 181 003,5 млн. теңгеге бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға.

– кепілдікті 2 593,2 млн. теңге төлеу сомасына 268 жобаның несиесін кепілдендіру;

– 3 122,6 млн. теңге сомасына 40 жобаның өндірістік инфрақұрылымына (электрмен жабдықтау, жолдарды жөндеу, кәріз, сумен жабдықтау, бу трассасын ауыстыру және т.б.).

– грант аясында 589,9 млн. теңге сомасына 201 жоба мақұлданды.

Бұдан басқа, несиелерді кепілдендіру бойынша 2 463,6 млн. теңге кепілдік төлеу сомасына 260 жоба.

  1. Инвестиция және құрылыс

2018 жылдың қаңтар-қарашасында инвестициялар көлемі 854,5 млрд. теңгені немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне 97,2% құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 462,3 млрд. теңгені құрады немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне 86,6%. 2018 жылдың қаңтар-қарашасында 2 294,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (1,5%-ға өсу).

  1. Жұмыспен қамту

Жұмыссыздық деңгейі (2018 жылдың 3 тоқсанында) – 4,5% (23 822 жұмыссыз). Жастар арасындағы жұмыссыздық (15-28 жас аралығында) – 4,6% (2018 жылдың 3 тоқсаны). Өздігінен жұмыспен қамтылғандар – экономикалық белсенді халықтың 6,7% (35,7 мың адам, 2018 жылдың 3 тоқсаны).

Орташа айлық еңбекақы 2018 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 233,2 мың теңгені құрады, бұл 2017 жылдың тиісті кезеңінен 8,5%-ға жоғары.

  1. Инфляция деңгейі 2018 жылдың қарашасында 105,4% құрады, оның ішінде азық – түлік тауарларына – 104,4%, азық – түлік емес тауарлар – 108,1%, ақылы қызметтер – 103,6%. 2018 жылдың қарашасында инфляцияның жалпы деңгейі 101,1% құрады.
  2. Қала бюджеті (ҚБ есебі бойынша) 2018 жылдың 1 желтоқсанына 429,4 млрд. теңгені құрайды (33% – республикалық бюджеттің трансферттері).

2018 жылдың 1 желтоқсанына 372,7 млрд. теңге немесе есепті кезеңде қаржыландыру жоспарының (389,6 млрд. теңге) 95,6% игерілді.

  1. Әлеуметтік сала

Әлеуметтік салаға 131,9 млрд. теңге қарастырылды (бюджеттің 30,7 %), оның ішінде білім беруге – 77,8 млрд. теңге (игерілгені – 68,1 млрд. теңге), денсаулық сақтауға – 11,7 млрд. теңге (игерілгені – 9 млрд. теңге).

Қарастырылған қаражат есебінен 7 мектеп пен 5 қосымша құрылыс құрылысын аяқтау,  балабақшаға инженерлік желілер жеткізу, 4 мектеп, 5 қосымша құрылыс, 1 КТМ, көру қабілеті бұзылған балаларға арналған 1 балабақша құрылысын бастау және жалғастыру, сондай-ақ 17 мектеп пен 2 денсаулық сақтау объектісін жобалау жоспарланады.

  1. Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолдар

Сумен жабдықтау және су бұру

Орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізе алатын халық үлесі – 94,9%, су бұру жүйесіне – 92%.

Сумен жабдықтау бойынша жалпы ұзындықтан жаңғыртылған желілер үлесі – 1,5%, су бұру жүйесі – 0,6%.

Есепті кезеңде:

– Мұстафин көшесінен Интернациональный т.а. дейін су беретін құбырды реконструкциялау;

– І көтергішті сорғы станциясын техникалық қайта жарақтандыру;

– № 29 көше бойында кәріздік коллектор салу;

– сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтаудың тартылатын инженерлік желілерін Тілендиев даңғылының оңтүстігіне қарай 20-2, №11 және Баршын көшелерінің шекараларында орналасқан құрылысқа салу жөніндегі жұмыстар жалғастырылуда. Осы жылы бөлінген қаржының толық игерілуі себебінен, оны жүзеге асыру тоқтатылды. Нысан консервациялау сатысында тұр.

Электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау

Жылумен жабдықтау бойынша жалпы ұзақтығынан жаңғыртылған желілер үлесі 1,4%, электрмен жабдықтау – 1,1% құрайды.

Елорданы электрмен жабдықтау жүйесін электр беру жүйесінің  4355,4 км, 1 389 кіші станция ұсынады, оның ішінде тарату пунктері, жинақы трансформаторлық кіші станциялар және трансформаторлық кіші станциялар саны 1358 бірлікті құрайды.

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу шеңберінде енгізілген және қаланың дамып жатқан бөлігін («Мыңжылдық» аллеясы, жаңа теміржол вокзалы, Оңтүстік – Шығыс ауданы, Орынбор даңғылы, Тұран даңғылы) жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін әкімдік 4 және 5 енгізілімдегі жылу магистральдерін салу жобасын іске асырды.

Жол–көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында жергілікті мәндегі автомобиль жолдарын реконструкциялау және салуға 2018 жылы 42,1 млрд. теңге, 2019 жылы – 24,2 млрд. теңге бөлінді. Автожолдарды орташа және ағымдық жөндеуді жүргізу үшін 2018 жылы 12,5 млрд. теңге, 2019 жылы – 5,3 млрд. теңге берілді.

  1. Қоғамдық қауіпсіздік:

2018 жылдың қаңтар-қарашасында ауыр емес қылмыстардың 13,4%-ға, орташа ауыр қылмыстар санының 23,5% төмендегені байқалады. Ауыр қылмыстарды ашу 68,4%, аса ауыр қылмыстарды ашу 93,2% құрды.

 

Астана қаласының үш жылдық кезеңге арналған бюджеті (2019-2021 жылдар) Астана қаласының 2019-2023 жылдардағы бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде қалыптастырылды, «Астана қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы  № 333/42-VI шешімімен бекітілді және «Астана қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 333/42-VI шешімін іске асыру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 114-2031 қаулысымен іске асырылды.

Астана қаласының 2019 жылға бекітілген бюджетінің жалпы көлемі 425 895,8 млн. теңгені құрайды, бекітілген бюджетке өсім 44 680,4 млн. теңге немесе 11,7 % (бекітілген бюджет – 381 215,4 млн. теңге).

2019-2021 жылдарға арналған Астана қаласы бюджетінің

негізгі параметрлері

млрд. теңге

Аталуы 2019 жыл 2020 жыл 2021 жыл
Нақтыланған бюджет Бекітілген бюджет Бекітілген бюджет
Түсімдер, оның ішінде: 425,9 353,5 340,0
1.Кірістер, оның ішінде: 405,7 352,5 340,0
Салықтық түсімдер 264,1 281,5 295,4
Салықтық емес түсімдер 1,2 1,3 1,3
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 7,3 2,6 2,5
РБ-тен берілетін трансферттердің түсуі 133,1 67,1 40,8
2.Бюджеттік кредиттерді өтеу 0 1,0 0
3.Қарыздардың түсуі 20,1
5.Қаржы жылының басына бюджеттік қаражат қалдықтары
Шығыстар 425,9 353,4 340,1
1.    Шығындар 376,1 286,5 266,2
2.    Бюджеттік кредиттер 10,9
3.    Қаржы активтерін сатып алу 18,9 9 4,8
4.    Қарыздардыөтеу 19,9 57,9 69,1

 

Түсімдер 

2019-2021 жылдарға арналған жергілікті бюджет кірісінің түсімдерін болжау, Қазақстан Республикасы Бюджет және Салық кодекстерінің ережелерін, сондай-ақ басқа нормативтік құқықтық актілерді ескере отырып, Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары және бюджеттік параметрлер негізінде бюджеттің түсімдерін болжау әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.

Астана қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бекітілген бюджетінің жалпы көлемі 1 119 426,1 млн. теңгені құрайды, оның ішінде жылдар бойынша: 2019 жылы – 425 895,8 млн. теңге, 2020 жылы – 353 461,9 млн. теңге, 2021 жылы – 340 068,4 млн. теңге.

Астана қаласының 2019 жылға арналған жеке табыстарының болжамы (азаматтарға пәтер сатудан түсетін түсімдерді ескере отырып) 272,7 млрд.теңге сомасында айқындалды, бұл 2018 жылға арналған бекітілген бюджеттен 12,4% артық (242,5 млрд.теңге), оның ішінде:

– салықтық түсімдер264,1 млрд.теңге, бұл 10,5% жоғары (238,9 млрд.теңге);

– салықтық емес түсімдер – 1,2 млрд.теңге (бюджет заңнамасына сәйкес жоспарланбаған айыппұлдардан түсетін түсімдер алынып тасталды);

– негізгі капиталды сатудан түскен түсім – 7,3 млрд.теңге жоспар (оның ішінде жер және материалдық емес активтерді сату – 1,6 млрд. теңге, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіруден түсетін түсімдер – 1,3 млрд. теңге).

Жергілікті бюджет кірісінің ұлғаюына мына факторлар әсер етеді:

– қала экономикасының даму қарқынының болжамды өсімі, оның ішінде құрылыс жұмыстарының, өнеркәсіп өнімінің, негізгі капиталға инвестициялардың болжамды өсімі, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен шағын кәсіпкерлік мөлшерінің ұлғаюы;

– экономикалық белсенді халық санының болжамды өсімі;

– барлық бағыттар бойынша салықтық әкімшілендірудің жақсаруы;

– салықтық берешектің төмендеуі және салықтық қызметтер сапасының жоғарылауы.

 

Шығындар

 

Бекітілген бюджеттің жалпы көлемі 425 895,8 млн. теңгені құрайды.

Астана қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бекітілген бюджетінің шығындары Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауларынан туындайтын іс-шараларды және халықтың өмір сүру жағдайларын жақсартуға, шағын және орта бизнесті қолдауға, Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталған мемлекеттің барлық басым міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған.

2019 жылға арналған шығындардың жалпы көлеміндегі даму бюджетінің көлемі 159,9 млрд. теңгені немесе 37,5%, ағымдық бюджет – 265,9 млрд. теңгені немесе 62,5% құрайды.

Бюджеттің әлеуметтік бағыттылығы сақталған, солай, әлеуметтік салаға 149 млрд. теңге, немесе ағымдағы бюджеттің 56% мөлшерінде шығындар жоспарланған.

Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек

                                                                                                                          млн.теңге

Атауы 2019 жыл

 

2020 жыл 2021 жыл
Әлеуметтік қамтамасыз ету саласына бекітілген бюджет 13 229,3 10 375,3 10 640,2
оның ішінде әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін салуға және реконструкциялауға 0,0 0,0 0,0

 

Әлеуметтік салада азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған барлық бұрын қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау негізгі басымдық болып табылады.

2019 жылы Астана қаласы бюджетінің әлеуметтік қамсыздандыруға және әлеуметтік көмекке кететін шығындары 13 229,3 млн.теңге сомада қарастырылды, бұл қаражат келесі іс-шараларға бағытталады:

– мүгедек балаларды әлеуметтік-еңбектік бейімдеуге; жалғызбасты зейнеткерлерге, мүмкіндіктері шектеулі балаларға медициналық көмек көрсетуге және күтімін ұйымдастыруға;

– жалғызбасты қарттарды және мүгедектерді; психоневрологиялық ауытқушылығы бар мүгедек балаларды; психоневрологиялық аурулармен ауыратын мүгедектерді; тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдарды елорданың медициналық-әлеуметтік мекемелерінде, сондай-ақ қарттар мен мүгедектерді, оның ішінде мүгедек балаларды оңалту орталықтарында әлеуметтік оңалтуға; күш көрсету немесе күш көрсету қаупі салдарынан қиын жағдайға тап болған тәуекел топтарындағы адамдарға қызмет көрсету;

– еңбек нарығындағы жағдайды жақсарту, халықты жұмыспен қамтуды арттыру және жұмыссыздықты қысқарту мақсатында Жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде шаралар кешенін іске асыруға (қоғамдық жұмыстар, жұмыссыздарды кәсіптік даярлау және қайта даярлау, жастар тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс орындары);

– атаулы әлеуметтік көмек;

– тұрғын үй көмегін көрсету;

– мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсетуге осы санаттағы азаматтарды оңалту және әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша шаралар кешені қарастырылды:

басқалардың көмегіне мұқтаж жалғызбасты мүгедектерді күтуге мемлекетік жәрдемақыға қосымша төлемақылар;

техникалық және өзге құралдармен қамтамасыз ету;

үйлерінде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету;

инватакси қызметтерін дамыту;

мүгедектерді оңалту бағдарламасы бойынша оқыту;

– кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және баптау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге;

– жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек бойынша қалалық қоғамдық көлікте жеңілдікті жол жүру, мерейтой күндеріне ақшалай төлемдер, коммуналдық қызметтерді төлеуге және мерзімдік баспасөзге жазылу үшін материалдық көмек, ерекше мәртебеге ие адамдарды әлеуметтік қолдау, қатты отынды сатып алу үшін жекелеген азаматтар санатына өтемақы, жетімдерді, мүгедек-балаларды, көпбалалы отбасының балаларын оқытуға өтемақы, санаторлық-курорттық емделуге жеңілдіктер, тісті протездеу мен ауыз қуысын санациялау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, мүгедектерді тасымалдау үшін әлеуметтік көмек, белсенді туберкулезбен ауыратындарды жолақы билеттерімен, азық-түлікпен қамтамасыз ету.

– тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру.

 

Білім беру

                                                                                                                             млн.теңге

Атауы 2019 жыл

 

2020 жыл 2021 жыл
Білім саласына бекітілген бюджет 101 473,3 68 560,6 61 014,4
оның ішінде білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға 23 073,1 10 121,9 570,3

 

Астана қаласының бюджетінде білім беру саласына 2019 жылы барлығы 101 473,3 млн.теңгесомада қарастырылды.

Тұтас алғанда, Астана қаласының білім беру жүйесін дамыту бойынша шығындар балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуға, сапалы мектептік және кәсіптік біліммен қамтамасыз етуге, түзету мектептерінде балаларды арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтуға, сондай-ақ жетім балалардың құқықтарын қорғауды ұйымдастыруға бағытталған.

Елордада сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін білім беру ғимараттарын материалдық-техникалық жарақтандыру және күрделі, ағымдағы жөндеу шаралары қарастырылды. Сондай-ақ, кітапхана қорларын жаңарту және оқулықтармен толықтыру және жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарының барлық оқушыларын тегін тамақтандыру қарастырылған.

Бұдан басқа, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтар санын, нашақорлық пен алкоголизм жағдайларын төмендету іс-шараларын іске асыру мақсатында бюджетте балаларға қосымша білім беруге қаражат қарастырылды, ол балаларды балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерімен, ғылыми және шығармашылық үйірмелермен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ, жетім балаларды мамандандырылған білім беру ұйымдарына орналастыруға қаражат қарастырылған.

Астана қаласының білім беру саласы мекемелерінің желісі 93 мемлекеттік балабақшадан, 40 балалар шағын орталықтарынан, 181 жеке балабақшалар, 79 мектептен,1 кешкі мектептен, дарынды балаларға арналған 5 жалпы білім беретін мамандандырылған білім беру мекемесінен, 2 арнайы түзету мектеп – интернатынан, 11 колледжден, 5 психологиялық-медициналық педагогикалық түзету орталығынан, 2 оңалту орталығынан және 6 түзету кабинетінен,1 балалар үйінен, 1 отбасылық үлгідегі балалар аулынан, 1 кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығынан, «Астана дарыны» атты 1 дарындылықты дамыту және психологиялық қолдау орталығынан, 1 білімді жаңғырту орталығынан тұрады, сондай-ақ балаларды қосымша біліммен қамтуды 2 Оқушылар сарайы және 9 ұйым жүзеге асырады.

2019 жылғы бекітілген бюджетте білім беру объектілерін дамытуға 23 073,1 млн. теңге қарастырылды, оның ішінде:

республикалық бюджет қаражаты – 21 231,8 млн. теңгені 7 мектеп және 5 мектепке қосымша құрылыс құрылысын аяқтауға, 4 мектептің 3 мектепке қосымша құрылысты бастауға және жалғастыруға бағыттау жоспарлануда;

жергілікті бюджет қаражаты – 1 841,3 млн. теңге республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру нысандарының құрылысын бірлесіп қаржыландыруға, балабақшаға инженерлік желілердің құрылысын аяқтауға, құрылыс бейіні бойынша кәсіптік-техникалық мектептің, көру қабілеті бұзылған балаларға арналған 1 балабақша құрылысын бастауға жəне жалғастыруға, 17 мектепті жобалауға бағытталды. 

 

Денсаулық сақтау

                                                                                                                             млн.теңге

Атауы 2019 жыл 2020 жыл 2021 жыл
Денсаулық сақтау саласына бекітілген бюджет 11 642,8 2 236,6 2 175,9
оның ішінде денсаулық сақтау объектілерін салуға және реконструкциялауға 136,9 151,4 80,0

 

Азаматтардың медициналық қызметтер алудағы қажеттілігін толық қанағаттандыру мақсатында 2018 жылғы бюджеттен денсаулық сақтау жүйесіне 11 642,8 млн. теңге қарастырылды.

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына бағынысты медициналық ұйымдар желісін 37 медициналық ұйым құрайды, оның ішінде: 14 стационарлық, 17 амбулаторлық–емханалық ұйым (13 емхана, 3 отбасылық денсаулық сақтау орталығы, 1 ЖТҚС алдын алу және күрес орталығы), 1 қалалық жедел медициналық көмек көрсету станциясы, 4 өзге де ұйымдар және 1 білім беру медициналық ұйымы құрайды.

Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шегінде шығындарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының міндетті медициналық сақтандыру қоры есебінен іске асырылатын болады (дәрі – дәрмек, скринингтік зерттеулер, жедел жәрдем, амбулаторлық және стационарлық емдеу).

Денсаулық сақтау саласында 2019 жылы келесі іс-шаралар қаржыландырылатын болады:

  • қала халқына иммунопрофилактика жүргізу үшін вакциналар мен өзге де иммунобиологиялық препараттар сатып алу;
  • жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз ету;
  • жергілікті деңгейде, алыс және жақын шетелдерде медицина қызметкерлерінің біліктілік деңгейін көтеру бойынша жұмыстар жүргізу;
  • қала халқы арасында салауатты өмір салтын насихаттау;

2018 жылғы бекітілген бюджетте денсаулық сақтаудың күрделі шығындары жергілікті бюджет қаражаты есебінен 5 839,9 млн. теңгені құрайды, бұл шығындар медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға және медициналық мекемелерде күрделі жөндеу жүргізуге бағытталады.

2019 жылы денсаулық сақтау объектілерін дамытуға жергілікті бюджет қаражаты есебінен 136, 9 млн. теңге қарастырылды, бұл қаражат 2 денсаулық сақтау мекемесін жобалауды бастауға бағытталады (Қошқарбаев көш. бойында №1 ҚА аумағында 250 төсектік перинаталдық орталық салу; Жеңіс даңғ. бойында 500 төсектік №3 қалалық көп бейінді аурухана салу).

Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасының бюджеті халықтың мәдени демалуын және ҚР орналасқан халықтың музыкалық өнерін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға, қазақтың ұлттық мәдениетін, республика халқының мәдениетін және әлемдік мәдениетті дамытуға, шығармашылық Одақтармен, қоғамдық ұйымдармен өазара байланысқа, фестивальді, байқауларды, конкурстарды, жаңа жылдық іс-шараларды, мерейтойлық және естелік күндерін және басқа да мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге.

Бұдан басқа, халықтың материалдық және рухани мәдениетінің ескерткіштерін жинауға және сақтауға, тарихи-мәдени мұраларды сақтауды қамтамасыз етуге, тарихи ескерткіштерді анықтау, есептеу, қорғау, жаңарту, консервациялау, регенерациялау, қолдану және насихаттау бойынша жұмыстарды іске асыру, тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау, пайдалану, есептеу және жаңартуды заңнамамен белгіленген тәртіпте сақтауды бақылауды іске асыру, жас таланттарға, қызметкерлерге қолдау көрсету, материалдық- техникалық базаны нығайтуға және театрландырылған ойын-сауық іс-шараларын, қойылымдарды, спектакльдерді, гастрольдерді ұйымдастыруға бағытталған.

Сонымен қатар, жергілікті бюджет қаражаты оқырмандарды әдебиетке кеңінен тартуға, кітапханалар желісін тұрақтандыруды қамтамасыз етуге және дамытуға, кітап қорын қалыптастыруға және сақтауға бағытталды.

Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы мекемелерінің желісін 18 кітапхана, 2 мұражай, «Қазақстан картасы» этномемориалды саябақ, Ескерткіштер мен тарихи-мәдени мұралар объектілерін сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі дирекция, 5 театр, 7 мәдени-демалыс кәсіпорындары: Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы, Мемлекеттік филармония, Жастар сарайы, Астаналық цирк, Амфитеатр, Номад Сити Холл және 10 балалар-жасөспірімдер мектебі, 1 теннис корты, 2 стадион, 1 мұз сарайы, 1 олимпиадалық резерв дайындау орталығы, 1 спорт клубы, 2 жоғары спорт шеберлігі және спорттың кәсіптік түрлерін дамыту (8 түр) мектебі құрайды.

Спорт саласына жоспарланған бюджеттік қаражат:

  • салауатты өмір салтын қалыптастыруға, елордалық спортшылардың бәсекеге қабілеттілігін көтеруге, спорттық инфрақұрылымды дамытуға;
  • дене тәрбиесі және спортты дамыту бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға, спорт резервін, халықаралық деңгейдегі спортшыларды дайындауды іске асыруға;
  • дене тәрбиесі және спорттың материалдық-техникалық базасын құруға және нығайтуға;
  • спорттың әр түрі бойынша қалалық құрама командаларын дайындауды және олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысуын қамтамасыз етуге;
  • қала бойынша спорт жарыстарын өткізуге бағытталатын болады.

Мәдениет және спорт объектілерін дамытуға 60,9 млн. теңге қарастырылды, аталған қаражат Жамбыл және 2-ші Алматы көшелері ауданында 1100 орынға арналған мектепке спорт алаңдарын салуға және мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін «Қайсар» спорт клубын жобалауға және т.б. жолданады.

Даму бюджеті

 

Даму бюджеті негізінен инвестициялық жобаларды іске асыруға, қала үшін қажетті инфрақұрылым, сондай-ақ әлеуметтік объектілер салуға бағытталады. 2019 жылғы шығындардың жалпы көлемінде даму бюджетінің мөлшері 154,2 млрд. теңгені немесе 36,2% құрайды, оның ішінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша:

Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасына  67 642,6 млн. теңге қарастырылды, оның ішінде республикалық бюджеттен трансферттер – 50 600,2 млн. теңгені, республикалық бюджеттен несиелер – 9 473,3 млн. теңге, жергілікті бюджет қаражаты – 7 569,1 млн. теңгені құрайды.

Бұл қаражат елорданың барлық энергия кешенін жандандыруға, кеңейтуге және реконструкциялауға, сондай-ақ, ЖЭО-3  құрылысына, ЖЭО-2 кеңейтуге және реконструкциялауға, ЖЭО-1 реконструкциялауға, жұмыс істеп жатқан магистральды желілерді реконструкциялауға, ЖЭО-3-тен Конституция көшесіне дейінгі тасжол учаскесінде 5 енгізілімнің жылу магистралін және жылу энергетика кешенінің өзге де объектілерін салуды бастауға бағытталатын болады.

Сондай-ақ, су өткізу (Алматы ауданы № 2 лот) және өздігінен ағатын кәріз желілерін (Алматы және Сарыарқа аудандары) реконструкциялауды аяқтауға, 1 көтерілімдегі сору станциясынан ССС-на су беретін құбырды реконструкциялауды бастауға және жалғастыруға, Астана гидроторабының 1 көтерілімдегі сору станциясын техникалық қайта жарақтандыру, нөсер кәрізін дамытуды жалғастыруға, жоспарланған Мыңжылдық ауданында желілер мен коммуникациялар, Жерұйық паркінде теннис орталығының 2-кезегін салуға, сыртқы жарықтандыру желілерін салу және реконструкциялауға және өзге де коммуналдық шаруашылық объектілерін іске асыруға бағытталатын болады.

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына елорданың көлік инфрақұрылымын дамытуға 37 941,2 млн. теңге қарастырылды, оның ішінде республикалық бюджеттен трансферттер – 26 144,9 млн. теңге, жергілікті бюджет қаражаты – 11 796,3  млн. теңге.

Бұл қаражатты Шағын айналма жол құрылысын жалғастыруға, тұрғын үй алаптарында жолдар мен инженерлік желілер салу мен реконструкциялауға, № 39 көшеден Қалдаяқов көшесіне (1-кезек) және № 27 көше бойында Есіл өзені арқылы көпірге дейінгі учаскеде № 27 көшені салуға, әлеуметтік объектілерге кіреберіс жолдарын және көлік инфрақұрылымының өзге де объектілерін салуға, сондай-ақ ЛРТ салу және 210 қалалық автобус сатып алу жөніндегі несиелік төлемдерді төлеудің жарғылық капиталын ұлғайтуға бағыттау жоспарлануда.

Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасына инвестициялық жобаларды дамытуға 26 627,0 млн. теңге қарастырылды, оның ішінде: республикалық бюджеттен трансферттер – 10 218,9 млн. теңге, жергілікті бюджет қаражаты – 16 408,1 млн. теңге.

Бөлінген қаражат шегінде  6 мектеп пен 2 қосымша құрылыс құрылысы, балабақшаға инженерлік желілер, №69 және С369 көшелерінің қиылысында өрт сөндіру бекеттері, 3 көп пәтерлі тұрғын үй кешені мен тұрғын үй кешендеріне инженерлік желілер құрылысын, 1,2,3 учаскелерінің 5-кезегінің Есіл өзені арнасын реконструкциялауды аяқтау, құрылыс бейіні бойынша КТМ, мемлекеттік органдардың, Триумфалды арка ауданындағы дөңгелек алаңды абаттандыру, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шегінде халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін объектілер құрылысын жалғастыру, сондай-ақ, тұрғын үй құрылысы объектілеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу және жайластыру жоспарлануда.

Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасына жергілікті бюджеттен 1 001,3 млн. теңге сомасында жоспарланған қаражат «Көктал» паркін және жаяу жүргіншілер аймағын салуға және Астана қаласының аумағында қоғамдық кеңістіктерді үйлесімді, жайлы жайластыруға бағытталатын болады.

Қалалық ортаны регенерациялау басқармасына инвестициялық жобаларды дамыту үшін 20 635,8 млн.теңге қарастырылған, оның ішінде: республикалық бюджеттен трансферттер – 18 641,8 млн. теңге, жергілікті бюджет қаражаты – 1 994,0 млн. теңге.

Бұл қаражат 1 мектептің, 3 жапсаржайдың құрылысын аяқтауға, Сарыбұлақ бұлағының арнасын теміржол көпірінен бастап ЖЭО-1 бағытына қарай қаланың, Есіл өзені  арнасының шекарасына дейін реконструкциялауды, 4 мектептің, 5 жапсаржайдың көру қабілеті бұзылған балаларға арналған 1 балабақша, иттер және мысықтарға арналған паналар құрылысын бастау және жалғастыруға, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау және өрт қауіпсіздігі объектілерін жобалауға бағытталатын болады.

Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасына 1-ші іске қосу кешенінің 1-кезегін жобалауға жергілікті бюджеттен 349,9 млн. теңге қарастырылды.

Астана қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлері осындай.

 

 


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы
Валюта Покупка Продажа
$
P