Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында: басшының орынбасары бос лаузымдары бар

Басшының орынбасары, D-O-2

 

Білімі жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейнгі білім: әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе маркетинг және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит).
Құзыреті  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес
Жұмыс

тәжірибесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес
Функционалдық міндеттері Жетекшілік ететін бөлімдердің жұмысын ұйымдастыру және басшылықты жүзеге асыру. Қаланың әлеуметтік – экономикалық дамуына, жалпы қала экономикасының дамуына ықпал ететін сыртқы факторларға талдама жүргізуді жүзеге асыру. Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының бес жылға арналған болжамының жобасын әзірлеу. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың Нұр-Сұлтан қаласын дамыту бағдарламасында көзделген стратегиялық нысаналы индикаторлар мен міндеттерге қол жеткізу бойынша қызметін үйлестіру. Бес жылдық кезеңге арналған Нұр-Сұлтан қаласын дамыту бағдарламасына, сондай-ақ, оны іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу, мониторингілеу, ұсыну.Басқарма қызметінің тиімділігін бағалау үшін материалдар әзірлеу. Қалаға экономикалық даму бойынша халықаралық рейтингтер беру бойынша халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру. Әлеуметтік-экономикалық дамудың басымдықтарын, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша, іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің ұсыныстарын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, Қазақстан Республикасының бюджет және өзге заңнамасына сәйкестігіне қарау. Жаңа бастамаларды жоспарлау мәселесі бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру және Нұр-Сұлтан қаласын дамыту басымдықтарын анықтауға қатысу.  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік органдарда жобалық басқаруды ендіру мәселелері бойынша жұмысын үйлестіру. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының инвестициялық ұсынысына оң қорытындысы негізінде коммуналдық меншікке жататын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері бойынша тізбе құру.Мемлекеттік мекемелердің бюджеттік бағдарламаларын әзірлеу, бекіту және өзгерістер енгізу мәселелері бойынша әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру.  Өз құзыреті шегінде кредиттік шарттарды, сенімгерлік басқару жөніндегі шарттарды, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын әзірлеу процесін консультациялық сүйемелдеу. Экономикалық, инвестициялық, бюджет мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу. Әлеуетті тәуекел аймақтарын анықтаумен көлеңкелі экономиканың мониторингісін өткізу, превентивтік және реттеуші шаралар әзірлеу. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының, концессиялық жобалардың жоспарлануын, қаралуын және келісілуін және олар бойынша экономикалық қорытындылардың әзірленуін бақылау. “Жобаларды басқару” ақпараттық жүйесі арқылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жобалық қызметін жүргізу және оған қатысу.

Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде “Е-қызмет” интегралды ақпараттық жүйесі не “Е-gov” электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Хабарландыру қатысушылардың телефондары бойынша немесе электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

“Болашақ” халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

“Болашақ” халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға “Халықааралық бағдарламалар орталығы” Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің “Болашақ” халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) “Е-қызмет” интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың («Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

 


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы
Валюта Покупка Продажа
$
P