Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
November 22, 2020

БЖЗҚ-дағы ашық есік күні 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 27 қараша күні онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Әрбір адам арнайы онлайн-платформаның көмегімен осы іс-шараға үйден шықпай-ақ қатыса алады.

Іс-шараның тақырыбы – «Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі. Зейнетақыны жоспарлау» деп аталады. Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері – Ашық есік күнінің негізгі аудиториясы. «Ашық есік күніне» қатысушылар шеберлік сабағы форматында Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қалай жұмыс істейтіні туралы білетін болады. Қор мамандары оларға болашақ зейнетақыларын есептеуге көмектесіп, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алудың ең жылдам әдістерін көрсетеді.

Сонымен қатар зейнетақы жүйесінің жұмысына қатысты басқа да мәселелер бойынша кешенді ақпарат беру де осы іс-шараның мақсаты болып табылады.

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=ec8dc8c1caa6a9c810ea4339be569497b басталуы сағат 10:00де. event-мәжіліс нөмірін 176 204 0350, 1234 паролін енгізіңіз;

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e83f2eb60f74788fd31fdbb051067fda4 басталуы сағат 12:00де. event-мәжіліс нөмірін 176 085 912, 1234 паролін енгізіңіз;

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=eefa03f311a317544be68442bd2b95f6f басталуы сағат 14:00де. event-мәжіліс нөмірін 176 238 5929, 1234 паролін енгізіңіз;

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e677adc843084960faa7b525bfe1c4198 басталуы сағат 16:00де. event-мәжіліс нөмірін 176 472 8961, 1234 паролін енгізіңіз.

Біз сіздерді күтеміз!

«БЖЗҚ» АҚ Нұр-Сұлтан қаласы филиалының байланыс нөмерлері 8 (7172) 32 11 87, 32 14 79


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы
Валюта Покупка Продажа
$
P