Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
December 10, 2020

БЖЗҚ салымшылары 15 миллионнан аса қызмет алды

БЖЗҚ салымшылары 15 миллионнан аса қызмет алды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылдың 10 айы ішінде өз салымшыларына 15,8 миллион қызмет көрсетті. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға және коронавирус індетіне (COVID-19) байланысты ағымдағы жылы қабылданған бірқатар шектеу шараларына қарамастан, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсетілген қызметтер саны 8% немесе 1,2 млн. бірлікке артты.

Ағымдағы жылдың 1 қарашасына қарай операциялардың жалпы көлемінің 14,5 миллионы (немесе 92%) электрондық форматта жүргізілді. Өткен жылмен салыстырғанда электрондық қызметтердің танымалдығы 23,8% немесе 2,8 млн қызметке өсті. Осылайша  салымшылардың көпшілігінің БЖЗҚ сайтында да, ұялы қосымшасында да бар Жеке кабинеттің көмегімен қызметтердің толық құрамын үйден шықпай-ақ алатынын көруге болады. Атап айтқанда, бұлар жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның болуы туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлемге және (немесе) көшуге берілетін өтініштің мәртебесін қадағалау және тағы басқалар.

Қазіргі уақытта БЖЗҚ-ның 200-ден астам бөлімшесі барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып қызмет көрсетуде. Салымшылар 10 ай көлемінде 1,1 миллионнан аса қызмет алды. Бұдан басқа БЖЗҚ-ның барып қызмет көрсету бөлімдері  1 қарашадағы жағдай бойынша Қор  салымшыларына 80,4 мың қызмет көрсетті.

БЖЗҚ міндеттерінің бірі – сапалы кеңес беру қызметтерін көрсету және Қордың салымшылары мен алушыларына бағытталған ақпараттық арналарды дамыту. Ағымдағы жылдың он айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда кері байланыс арналары бойынша салымшылардан түскен өтініштер саны екі еседен аса артты: 2020 жылы 1,2 млн өтініш қаралған болса, 2019 жылдың осындай кезеңінде 580,4 мың өтініш қабылданды.

БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмірі бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін)  байланыс орталығынан кеңес ала алады. Сонымен қатар кеңесті www.enpf.kz корпоративтік сайты, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша Whatsapp және Viber чат-боттары, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ-ның ресми парақшалары арқылы да алуға болады.


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы
Валюта Покупка Продажа
$
P