Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
December 10, 2020

БЖЗҚ салымшылары 155,3 миллиард теңге төлем алды

БЖЗҚ салымшылары 155,3 миллиард теңге төлем алды

2020 жылдың 1 қарашасына қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры  320 335 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 155,3 миллиард теңгеге 1,9 миллионнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның ішінде:

– зейнеткерлік  жасқа толу бойынша төлемдер – 51,7 млрд теңге;

– сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 39,5 млрд теңге;

– ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер– 31,1 млрд теңге;

– мұрагерлік бойынша төлемдер – 28,2 млрд теңге;

– жерлеуге берілетін төлемдер – 3,5 млрд теңге;

– мүгедектік бойынша төлемдер – 1,3 млрд теңге.

Бұл ретте кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты)  22 806 теңге, ал  ай сайынғы ең жоғарғы төлем 506 980 теңге болды.


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы
Валюта Покупка Продажа
$
P