Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
February 24, 2021

Нарыққа екі басқарушы компания шықты  

Ағымдағы сәтте Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі инвестициялық портфельді басқарушыларға қатысты бекіткен талаптарға нарықта жұмыс істейтін және басқарушы компаниялар агенттігінің лицензияларына ие 18 компанияның алтауы сәйкес келеді:

«First Heartland Jysan Invest»;

«BCC Invest» АҚ – «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның еншілес ұйымы»;

«Halyk Global Markets» АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕҰ);

«Halyk Finance» Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ»  АҚ;

«First Heartland Capital» АҚ;

«Сентрас Секьюритиз» АҚ.

 

            Алайда зейнетақы жинақтарын сенімгерлікпен  басқаруға беру үшін бұл компанияларға зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқару туралы шарттың, сондай-ақ, БЖЗҚ, ИПБ және кастодиан-банк арасында жасалған кастодиандық шарттың болуы қажет.

             2021 жылдың 18 ақпанында «БЖЗҚ» АҚ мен «First Heartland Jysan Invest» АҚ арасында, сондай-ақ, «БЖЗҚ» АҚ мен «Halyk Global Markets» АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕҰ) арасында зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқару туралы шарттар жасалды.

              «First Heartland Jysan Invest» АҚ-ның кастодиан-банкі «Сбербанк» АҚ ЕҰ, «Halyk Global Markets»  АҚ-ның («Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕҰ) кастодиан-банкі «Банк ЦентрКредит» АҚ болды.

               Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға беру үшін салымшы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ИПБ-ны таңдау туралы өтінішпен жүгінуі қажет. Өтініш БЖЗҚ-ның enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы немесе БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне өзі келген кезде берілуі мүмкін.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы
Валюта Покупка Продажа
$
P