Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
February 24, 2021

Қазақстандықтар 423 миллиард теңгеден астам қаржыны тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалана алады

2021 жылдың 15 ақпанындағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына уәкілетті операторлардан мерзімінен бұрын төлемдерді жүзеге асыруға мақсатты пайдалану үшін 127 357 салымшының өтініші келіп түсті.

78 074 өтініш орындалды және салымшылар уәкілетті операторларда ашылған өздерінің арнайы шоттарына біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) түрінде шамамен 423,7 млрд теңге алды. Төлемдердің орташа сомасы 5,4 млн теңге.

45,3 млрд теңгеден астам сомаға тағы 8 636 өтініш төлемдерді жүзеге асыру үшін өңделуде. Заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты 40,6 мыңнан астам өтінім қабылданбады.

Республика бойынша өтініштердің ең көп саны (19,8%) Алматы қаласында қабылданды. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарынан шамамен 16,2% қабылданды. Үшінші белсенді өңір Маңғыстау облысы болып табылады, онда республика бойынша жалпы өтініш санының 15,4% қабылданды.

Тұтастай алғанда, Қазақстанның өңірлері бойынша БЖЗҚ-дан тұрғын үй жағдайларын жақсартуға қаражат алу мынадай сипатқа ие: ӨҢІРЛЕР Қабылданған өтініштер саны Бас тартылғандар Өңдеуде Орындалды
ед. % ед. ед. сумма, млн тг ед. сумма, млн тг
Ақмола облыстық филиалы 2 471 1,94 847 134 349 1 490 4 135
Ақтөбе облыстық филиалы 8 035 6,31 2 785 570 1 887 4 680 17 317
Алматы облыстық филиалы 2 438 1,91 911 127 399 1 400 4 791
Атырау облыстық филиалы 9 257 7,27 2 785 762 4 973 5 710 38 426
Шығыс Қазақстан облыстық филиалы 4 740 3,72 1 569 348 927 2 823 8 295
Жамбыл облыстық филиалы 1 940 1,52 734 106 377 1 100 4 002
Батыс Қазақстан облыстық филиалы 5 101 4,01 1 591 331 1 961 3 179 19 782
Қарағанды облыстық филиалы 7 172 5,63 2 359 473 1 590 4 340 15 327
Қостанай облыстық филиалы 2 860 2,25 950 194 491 1 716 4 742
Қызылорда облыстық филиалы 2 666 2,09 842 204 702 1 620 6 764
Маңғыстау облыстық филиалы 19 629 15,41 5 264 1 768 14 904 12 597 108 447
Павлодар облыстық филиалы 5 005 3,93 1 522 339 758 3 144 9 128
Жезқазған қ. өңірлік филиал 2 637 2,07 813 253 1 119 1 571 7 611
Семей қ. өңірлік филиал 1 819 1,43 604 128 310 1 087 2 840
Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы 1 634 1,28 481 108 208 1 045 2 542
Түркістан облыстық филиалы 124 0,10 56 14 81 54 220
Алматы қ. филиал 25 180 19,77 7 703 1 399 7 921 16 078 96 855
Нұр-Сұлтан қ. филиал 20 592 16,17 6 634 1 205 5 685 12 753 65 595
Шымкент қ. филиал 2 856 2,24 996 173 687 1 687 6 842
Анықталмаған 1 201 0,94 1 201
ЖИЫНТЫҒЫ 127 357 100 40 647 8 636 45 329 78 074 423 662

Біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру туралы өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөліміне орналастырылған.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы
Валюта Покупка Продажа
$
P