Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
March 14, 2021

«БЖЗҚ» АҚ виртуалды «Ашық есік күніне»  шақырады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылдың 17 наурызында онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Басты тақырып – «БЖЗҚ-ның онлайн-қызметтері. Қызметтерді үйден шықпай-ақ қалай алуға болады?».

2020 жылы бірқатар шектеу шараларын қабылдауға тура келген эпидемиологиялық жағдайға және коронавирус (COVID-19) індетіне қарамастан, БЖЗҚ тарапынан көрсетілген қызметтер саны 2019 жылмен салыстырғанда 15% ұлғайды.

Көп жағдайда мұндай өсім Қордың электрондық қызметтерінің танымалдығының арқасында қамтамасыз етілді. Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ онлайн қызметтердің кең спектрін ұсынады, соның ішінде жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштерді, шарттардың деректемелерін қарау, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны есептеу және т. б.

Ашық есік күнінің негізгі аудиториясы Қордың электрондық қызметтерін әзірше қолданбайтын немесе олар туралы білмейтін салымшылар болуы тиіс. Осыған орай БЖЗҚ мамандары іс-шараға қатысушыларға Салымшы қандай қызметтерді онлайн режимде ала алады? Ол үшін не қажет? Сұрақтар туындаса, қайда жүгінуге болады? – деген сауалдарға жауап береді.

Сонымен қатар кездесу барысында БЖЗҚ мамандары Қордың салымшылармен өзара іс-қимылының барлық арналары туралы айтып береді. Сондай-ақ, басқа мәселелер бойынша да жеке  кеңестерін береді.

«Ашық есік күні» онлайн-форматта 17 наурызда сағат 10:00 1-сессиясы (қазақ тіліңде), 12:00 2-сессиясы (орыс тіліңде), 14:00 3-сессиясы (қазақ тіліңде), 16:00 4-сессиясы (орыс тіліңде) өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сілтеме бойынша өту керек, содан кейін event-мәжіліс нөмірін және event-мәжіліс паролін енгізіңіз:

сағат 10:00

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=ee17697551653e6c352c7cae250f2b9e0

event-совещания номері: 184 615 0051

event-совещания паролі: 123456

сағат 12:00

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=eb08dbf626ed8fa8c458dde3736dd1488

event-совещания номері: 184 432 1290

event-совещания паролі: 123456

сағат 14:00

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e9c56195822eed61f252e6fd718fd2c46

event-совещания номері: 184 477 7619

event-совещания паролі123456

сағат 16:00

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e2166cff6bec3c46f9f5661ba40450071

event-совещания номері: 184 466 9840

event-совещания паролі123456

 

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы
Валюта Покупка Продажа
$
P