Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
April 20, 2021

БЖЗҚ салымшыларының таза инвестициялық табысы 217,9 млрд теңгені құрады

БЖЗҚ салымшыларының таза инвестициялық табысы 217,9 млрд теңгені құрады 

 

БЖЗҚ-ның 2021 жылдың 1 наурызындағы негізгі көрсеткіштері 

 

2021 жылдың 1 наурызына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,6 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.03.2020 жылдан бастап 01.03.2021 жылға дейінгі бір жыл ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы 1,5 триллион теңгеден аса немесе 14% өсті.

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жинақталды, оның мөлшері 12,3 трлн теңге (жыл ішіндегі өсім – 14%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 314,5 млрд теңге (өсім 22%), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,2 млрд теңгеге  (өсім 12%) жетті.

2021 жылдың 1 қаңтарынан 1 наурызына дейінгі екі ай ішінде БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 217,9 млрд теңге мөлшерінде таза инвестициялық табыс есептелгенін атап өткен жөн, бұл өткен 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 78 млрд теңгеге (немесе 56%) артық. Ағымдағы жылдың кірістілік көрсеткіштері де өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткіштерінен де асып түсті. Мәселен, 2021 жылдың басынан бергі кірістілік 1,3% инфляция кезінде 1,7%-ды құрады (өткен 2020 жылдың осындай кезеңіндегі кірістілік 1,3% инфляция кезінде 1,3% құрады). Егер кірістілікті жылдық мәнде қарайтын болсақ (2020 жылғы наурыздан бастап 2021 жылғы ақпанға дейінгі соңғы 12 айда), онда ол инфляция 7,4% болғанда 11,4%-ды (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 6% инфляция  кезінде 7,8% болды) құрады.

Салымшылардың шоттарына 2021 жылдың басынан бері жалпы көлемі 191,6 млрд теңге зейнетақы жарналары түсті, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 16,4 млрд теңгеге немесе 9%  асып түсті. Жарналардың жалпы көлемінің 94,8% БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша жүзеге асырылған 181,6 млрд теңге (өсім 9%) түсімдер құрады, 9,9 млрд теңге (өсім 13%) МКЗЖ бойынша түсті, 104 млн теңге (өсім 34%) ЕЗЖ бойынша аударылды.

Қордан төленетін төлемдер, ең алдымен, біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) есебінен айтарлықтай өсті. Тек екі айдың ішінде БЖЗҚ салымшыларына 704 млрд теңгеден астам төлем төленді, төлемдердің басым бөлігін 649,9 млрд теңге мөлшеріндегі БЗТ құрады. Төлемдер сомасы бойынша екінші орында сақтандыру ұйымдарына жасалған 19,3 млрд теңге аударымдар тұр. Одан кейін жасына байланысты төлемдер 15,9 млрд теңге, мұрагерлік бойынша 13,3 млрд теңге, ҚР шегінен тыс ТТЖ кету бойынша 4,5 млрд теңге, жерлеуге 0,9 млрд теңге және мүгедектік бойынша төлемдер 0,4 млрд теңге болды.

2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 11,7 млн бірлікті құрады (жыл ішіндегі өсім – 10%). Шоттардың ең көп саны міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылды – 10 986 723 бірлік (жыл ішіндегі өсім 11%). Одан әрі МКЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар – 532 757 бірлік (өсім 4%), БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар саны қазір 60 177 бірлік (өсім 9%).

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы
Валюта Покупка Продажа
$
P