Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға сенімгерлікпен басқару үшін
аударуға арналған өтінішті қалай жоюға болады?
enpf.kz сайтында жаңа қызмет пайда болды
2021 жылғы қаңтардан бастап азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу үшін ғана емес, сондай-ақ, басқарушы компанияларға (инвестициялық портфельді басқарушы – ИПБ) инвестициялық басқаруға беру үшін де пайдалану құқығын беретін заңнамалық нормалар күшіне енді.
Салымшының зейнетақы жинақтары ИПБ басқаруына:
– салымшының БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының нақты сомасы мен зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі арасындағы айырмадан аспайтын мөлшерде; немесе
– өмір бойғы төлемдерді көздейтін сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалған жағдайда, салымшының БЖЗҚ-дағы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығынан аспайтын мөлшерде берілуі мүмкін.
Зейнетақы жинақтарын аудару үшін бір немесе бірнеше ИПБ салымшысы БЖЗҚ-ға өтінішпен жүгінуі қажет. Өтініш enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы немесе БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесінде өзі келгенде берілуі мүмкін. Зейнетақы жинақтарын аудару бойынша қадамдық нұсқаулық enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ға сенімгерлікпен басқаруға аудару» бөлімінде орналастырылған.
БЖЗҚ салымшыдан өтініш келіп түскен күннен кейін күнтізбелік 30 күн ішінде зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік сомасынан асатын бөлігін ИПБ-ның сенімгерлікпен басқаруына аударуды жүзеге асырады. Мәлімделген соманы инвестициялық портфельді басқарушыға аударған сәтке дейін салымшы жинақтардың бір бөлігін сенімгерлік басқаруға аудару туралы өз шешімін өзгертіп, өтінішінің күшін жоя алады.
Осындай шешім қабылдаған салымшыға жеке басын куәландыратын құжатпен БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне немесе enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет арқылы өтініш беру қажет. Онда зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлікпен басқаруына аударуға арналған өтініштің күшін жоюға болатын жаңа қызмет іске қосылды.
Күшін жою туралы өтінішті enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет арқылы берген кезде төмендегі әрекеттерді орындау қажет:
Қажет болған жағдайда күшін жою туралы өтінішті қарау және (немесе) жүктеу мүмкіндігі бар екенін ескеріңіз.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).