Информация Управления стратегического и бюджетного планирования города Нур-Султан по обращениям физических и юридических лиц

May 19, 2020

Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараты

 

Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында (бұдан әрі-Басқарма) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

2020 жылдың 1 тоқсанында Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік  жоспарлау басқармасына заңды тұлғалардан 6 өтініш және жеке тұлғалардан 4 өтініш келіп түсті.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері «Азаматтардың өтініштері» автоматтандырылған базасында тіркеледі және Қазақстан Республикасы Заңының 8 – бабына сәйкес орындалу мерзімі белгіленеді.

Келіп түскен өтініштердің сипаты мынадай:

– қаржыландыру және бюджет мәселелері;

– экономика және бюджет бойынша семинарлар;

– қайырымдылық;

– жалпы сұрақтар.

Барлық өтініштер бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес уақытылы жазбаша түсініктемелер берілді.

Өтініштер бойынша қайтадан және анонимді өтініштер мен шағымдар түскен жоқ. Белгіленген мерзімдерді бұза отырып орындалған өтініштер жоқ.

Азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасаудың құрамдас бөлігі Басқарма басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауы болып табылады. 2020 жылдың 1 тоқсанында басшылықтың жеке қабылдауына жазылған азаматтар болған жоқ.


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы
Валюта Покупка Продажа
$
P