Жалпы ақпарат

August 1, 2018

«Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ

БИН: 050240003327

Мекен-жайы: 010000 Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11

Жұмыс тәртібі: 8.00-18.00 с. Түскі ас: 13.00- 14.30 ч.

 

«Нұр-Сұлтан қаласының Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын тиімді іске асыруға ықпал ететін, мемлекеттік жоспарлау жүйесін іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының құрылымына 14 бөлім кіреді.

Экономикалық талдау және есептілік бөлімі Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жасайды. Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық және операциялық жоспарларына талдамалық материалдар мен ақпараттар дайындауды жүргізеді. Мемлекеттік және экономикалық саясатты есепке ала отырып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлейді. Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалау жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз етеді. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік және Нұр-Сұлтан қаласының экономикалық саясатын іске асыру жөніндегі жұмысын үйлестіреді. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын іске асыру жөніндегі (іс-шаралары) Жалпыұлттық жоспардың негізгі бағыттарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарларын дайындайды.

Стратегиялық жоспарлау бөлімі стратегиялық мақсаттар мен басымдықтар, сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының Болжамы жобасын, мемлекеттік органдардың стратегиялық және операциялық жоспарларының қалыптасуы бойынша ұсыныстар дайындайды. Жоғары тұрған органдардың стратегиялық құжаттарын әзірлеуге, келісуге және өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысады. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу жөніндегі жұмыстарын үйлестіреді. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру жөніндегі, Нұр-Сұлтан қаласын дамыту бағдарламасын әзірлеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді.

Бюджеттік саясат және жоспарлау бөлімі бірыңғай Бюджеттік сыныптамаға сәйкес функционалдық топтар шегінде алдағы үш жылдық кезеңге Нұр-Сұлтан қаласы бюджетінің жобасын әзірлейді. Алдағы үш жылдық кезеңге Нұр-Сұлтан қаласы бюджетінің болжамын құрастырады. Нұр-Сұлтан қаласының бюджетін нақтылауға, түзетуге материалдарды дайындайды және осы материалдарды одан әрі іске асырады.

Білім, мәдениет және спорт бөлімі Нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде «Білім», «Мәдениет», «Туризм және спорт» функционалдық топтары шеңберінде кезекті 3 жылдық қаржы жылына бюджет жобасын әзірлейді. Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің ұсыныстары негізінде қала бюджетін нақтылауға материалдар дайындайды. Бюджеттік бағдарлама әкімшілері жетекшілік ететін Стратегиялық жоспарлардың, операциялық жоспарлардың, Нұр-Сұлтан қаласын дамыту бағдарламасының жобаларын әзірлеуге, мониторингілеуге  қатысады.

 Әлеуметтік даму және денсаулық сақтау бөлімі Нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде «Денсаулық сақтау», «Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек», «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» функционалдық топтары шеңберінде кезекті 3 жылдық қаржы жылына бюджет жобасын әзірлейді. Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің ұсыныстары негізінде қала бюджетін нақтылауға материалдар дайындайды. Бюджеттік бағдарлама әкімшілері жетекшілік ететін Стратегиялық жоспарлардың, операциялық жоспарлардың, Нұр-Сұлтан қаласын дамыту бағдарламасының жобаларын әзірлеуге, мониторингілеуге  қатысады.

Мемлекеттік аппарат, қорғаныс және құқық қорғау органдары бөлімі Нұр-Сұлтан қаласы бюджетінің жобасын қалыптастыру кезінде мемлекеттік аппарат, қорғаныс мекемелері мен құқық қорғау шығыстарын уақытында және сапалы жоспарлауды іске асырады. Бюджетті түзетуге және нақтылауға, қаржыландырудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізуге, нақтыланған жылдық қаржыландыру  жоспарына материалдар әзірлейді. Елорданы басқару кестесі бойынша, жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимитін өзгерту бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулыларын, мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының штат кестесіне өзгерістер енгізу бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің өкімін әзірлейді.

Түсімдерді болжау бөлімі салықтық түсімдердің, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімнің орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті бюджетіне түсуін жоспарлайды. Нұр-Сұлтан қаласының бюджетін нақтылауға, түзетуге қажетті материалдар әзірлейді. Стратегиялық даму жоспары мен бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі параметрлерін және үш жылға арналған бюджет параметрлерін әзірлеуге қатысады.

Нақты секторды дамыту бөлімі ағымдық бюджеттік бағдарламалар және жетекшілік ететін салалар бойынша даму бюджеттік бағдарламалары жөнінде бюджетті, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу жолымен бюджеттік инвестицияларды қалыптастыруды іске асырады.

Абаттандыру және қалалық ортаның сапасы бөлімі Басқарма қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуді жүзеге асырады, заңнаманы қолдану тәжірибесін жинақтайды, Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттайды және түсіндіреді, Басқармада мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады және өткізеді.

Бюджеттік инвестициялық жобаларды үйлестіру бөлімі инвестициялық ұсыныстарға іріктеу және бағалауды жүргізеді, алдағы үш жылдық мерзімге арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың тізімін қалыптастырып, бекітеді. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іріктейді, мониторингілейді және бағалайды. Нұр-Сұлтан қаласы дамуының басымдығын айқындауға, инвестициялық саясат бойынша стратегиялар мен жоспарларды әзірлеу және іске асыруға, Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялық даму бағдарламаларын әзірлеуге қатысады.

Әкімшілік бөлімі Мемлекеттік қызмет саласында Басқарма бөлімдерінің ұйымдастыру-өкімшілік құжаттары бойынша іс-әрекеттерін үйымдастыру, Басқарманың кадрлық жұмыстарын жүргізу. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөніндегі, бағалау, аттестациядан өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Басқарманың құжатайналымын ұйымдастырады, Мемлекеттік тіл саясатын іске асыруды бақылайды, Басқарманың ведомстволық мұрағатының жұмысын ұйымдастырады.

Қаржы-экономикалық бөлімі ашық лимиттер мен мақсатты бағыттарды қаржыландырудың бекітілген жоспары бойынша бекітілген тәртіпте енгізілген өзгерістерді ескере отырып, бюджеттік қаражаттардың дұрыс және тиімді жұмсалуына, сонымен қатар ақша қаражаттары мен материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жүргізеді.

Құқықтық сараптама бөлімі Басқарма қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуді жүзеге асырады, заңнаманы қолдану тәжірибесін жинақтайды, Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттайды және түсіндіреді, Басқармада мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады және өткізеді.

Жаңа бастамалар және тиімділік индикаторларына қол жеткізу бөлімі  Жаңа бастамаларды жоспарлау мәселесі бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру және Нұр-Сұлтан қаласын дамыту басымдықтарын анықтауға қатысу. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік органдарды жобалық басқаруды ендіру мәселелері бойынша жұмысын үйлестіру.

Жеке және заңды тұлғалардың жүгінулерін қарастыру нәтижелері туралы ақпарат  басып шығару

Ведомстволық бағынысты ұйымдар басып шығару


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы
Валюта Покупка Продажа
$
P