Ведомстволық бағынысты ұйымдар

February 13, 2020

“Нұр-Сұлтан қаласын дамыту жобаларын сараптау орталығы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Басқару органы: «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ

Директоры  – Молдакаликов Бахитбек Сабитбекович.

Пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Тауелсіздік даңғылы, 7.

Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Тауелсіздік даңғылы, 7.

Электрондық поштасының мекенжайы: appraisal@astana.kz.

«Астана қаласы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – Серіктестік) Астана қаласы әкімдігінің 2016жылғы 2 қыркүйектегі № 114-1553 қаулысымен құрылды.

Серіктестік Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 21 шілдедегі № 114-1490 қаулысымен «Астананың дамыту жобаларын сараптау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі» болып қайта аталды.

Серіктестіктің негізгі қызметікоммерциялық қызмет және басқару мәселелері бойынша кеңес беру, экономикалық қызметті тиімді жүргізуді реттеу және жәрдем беру болып табылады.

Мақсаттарын іске асыру үшін серіктестік мына қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) Нұр-Сұлтан қаласында кәсіпкерлікті, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мәселелері бойынша зерттеулер өткізу және ұсынымдар әзірлеу;

2) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобалары бойынша, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің тұжырымдамаларына, конкурстық құжаттамаларына және шарт жобаларына сараптама жүргізу;

3) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша концессиялық ұсыныстарға, конкурстық құжаттамаға, концессиялық шарттарының жобаларына сараптама жүргізу;

4) жергілікті бюджеттік инвестициялық, сондай-ақ нысаналы даму трансферттері мен республикалық бюджеттен бөлінетін несиелер есебінен қаржыландыру жоспарланатын, оның ішінде түзетілген жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерінің экономикалық сараптамасын жүргізу;

5) жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің тікелей қатысуымен іске асыру жоспарланған, оның ішінде түзетілген бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелерінің экономикалық сараптамасын жүргізу;

6) қаржыландыру тәсімін айқындау үшін жобаларды қарау және ұсынымдар әзірлеу;

7) серіктестік қызметінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, халықаралық және қоғамдық ұйымдармен, жеке және заңды тұлғалармен өзара әрекеттесу.

 


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы
Валюта Покупка Продажа
$
P