Ереже

April 27, 2020

«Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік

жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы

ереже

  1. Жалпы ережелер
  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын тиімді іске асыруға ықпал ететін, мемлекеттік жоспарлау жүйесін іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
  3. «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  9. «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Бейбітшілік көшесі, № 11.
  10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы – «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
  11. Осы Ереже «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  12. «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
  13. «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда, егер басқасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленбесе, осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру, сондай-ақ орта мерзімді кезеңге арналған жергілікті бюджеттің болжамдық көрсеткіштерін және Нұр-Сұлтан қаласының үш жылдық кезеңге арналған бюджетінің жобасын жоспарлау болып табылады.
  2. Міндеттері:
  • Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау;
  • қаланың бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді әдістемелік сүйемелдеу бойынша жұмыстар жүргізу;
  • жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың Нұр-Сұлтан қаласын дамыту бағдарламасында көзделген стратегиялық нысаналы индикаторлар мен міндеттерге қол жеткізу бойынша қызметін үйлестіру;

 

4) рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру;

5) «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бюджеттік бағдарламаларының жобасын әзірлеу және оның орындалуына мониторинг жүргізу;

6) Нұр-Сұлтан қаласының бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу;

7) Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау негізінде үш жылдық кезеңге арналған жергілікті бюджеттің параметрлерін әзірлеу;

8) «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржылық, кадрлық және құқықтық қамтамасыз ету;

9) жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің Нұр-Сұлтан қаласын дамыту бағдарламасының жобасын әзірлеуге, оны мониторингілеуге, сондай-ақ іске асырылуына қатысу.

  1. Функциялары:

1) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына, жалпы қала экономикасын дамытуға әсер ететін сыртқы факторларға талдауды жүзеге асыру;

2) Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының бес жылға арналған болжамының жобасын әзірлеу;

3) Нұр-Сұлтан қаласы Бюджет комиссиясының отырыстарына материалдар дайындау;

4) жылдық қаржыландыру жоспарын қалыптастыру және Нұр-Сұлтан қаласының бюджетін нақтылау және түзету барысында өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

5) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері бойынша қорытындыларды қарастыру, бағалау және дайындау;

6) Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы және бюджеттік параметрлері негізінде жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің көлемін болжау;

7) Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының үш жылға арналған жергілікті бюджет туралы, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімдерінің жобаларын, Нұр-Сұлтан қаласының бюджетін түзету жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

8) Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының Нұр-Сұлтан қаласының тиісті қаржы жылына арналған бюджеті туралы шешімін іске асыру туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің (бұдан әрі – әкімдік) қаулы жобасын әзірлеу;

9) Нұр-Сұлтан қаласында стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру;

10) басымды жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тізбесін құру;

11) Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы шеңберінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталын құру мен ұлғайтуға қатысу арқылы жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) мен бюджеттік инвестицияларды жоспарлау;

 

12) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді қаржыландыруды жүзеге асыру;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіпте жергілікті мемлекеттік бюджеттік инвестициялық жобаларға (бағдарламаларға) экономикалық сараптама өткізу;

14) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты құру және әкімдікке ұсыну;

15) экономикалық, инвестициялық, бюджет мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;

16) Нұр-Сұлтан қаласының бес жылдық кезеңге арналған дамыту бағдарламасын, сондай-ақ оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу, мониторингілеу, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар енгізу;

17) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың гранттарды тартуға арналған басымды өтінімдерінің тізбесін құру және орталық мемлекеттік органдарға ұсыну;

18) жергілікті бюджеттік бағдарламаларды, жергілікті бюджеттік инвестициялар мен гранттарды іске асырудың тиімділігін (нәтижелілігін) бағалауды жүргізу;

19) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру;

20) «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізу үшін материалдар дайындау;

21) «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;

22) жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін анықтау;

23) Нұр-Сұлтан қаласының Бюджет комиссиясы жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;

24) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасына сәйкестігін қарау;

25) стратегиялық мақсаттармен, стратегиялық бағыттардың міндеттерімен өзара байланысы тұрғысынан бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштерін қарау;

26) жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы жолымен жергілікті бюджеттік инвестицияларды  іске асыру барысына мониторингті жүзеге асыру;

 

27) экономикалық даму бойынша қалаға халықаралық рейтингтер беру бойынша халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру;

28) мемлекеттік басқару органдарының штат саны лимитіне өзгерістер енгізу туралы әкімдік қаулыларының жобаларын және Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің жергілікті атқарушы органдардың штат кестесіне өзгерістер енгізу туралы өкімдерінің жобаларын дайындау;

29) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министрі Кеңсесінің, орталық атқарушы органдардың, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің және әкімдігінің тапсырмаларын орындау;

30) бухгалтерлік есепті және есептілікті, кадрлық-құқықтық жұмыстарды, әкімшілік-шаруашылық қызметті жүргізу;

31) құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының жобаларын, сондай-ақ заң сипатындағы өзге де құжаттарды әзірлеуге қатысу;

32) концессиялық жобаларды қарау және келісу;

33) концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамалары сараптамасының оң қорытындысы негізінде Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық меншігіне жататын концессия объектілері бойынша тізбе құру;

34) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын бекіту және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде бұйрықтарының жобаларын қарастыру және келісу;

35) іске асыру жоспарланған мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларының тізбесін келісу, қалыптастыру және оны жергілікті өкілетті органға ұсыну;

36) стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу тиімділігін және нәтиже көрсеткішін бағалау;

37) әлеуетті тәуекел аймақтарын анықтаумен көлеңкелі экономиканың мониторингісін өткізу, превентивтік және реттеуші шаралар әзірлеу;

38) мемлекеттік инвестициялық жобалардың инвестициялық ұсыныстарына экономикалық қорытындылар құру;

39) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жергілікті жобаларды іске асыру мониторингі бойынша жиынтық есеп беру;

40) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) қаланың даму мақсатын, басымдылығын және стратегиясын айқындау жөніндегі ұсыныстарды әкімдікке енгізу;

2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан қажетті құжаттарды, ақпараттарды және мәліметтерді талап ету және алу;

3) әкімдікке мына мәселелер:

Нұр-Сұлтан қаласы дамуының стратегиясын іске асыруға кедергі келтіретін қабылданған актілерді жою немесе өзгерту;

әкімдіктің қатысуымен ұйымды құру, қайта ұйымдастыру немесе жою бойынша ұсыныстар енгізу;

4) консалтингтік қызметтерді жүзеге асыру үшін қазақстандық және шетелдік заңды және жеке тұлғаларды жұмысқа тарту;

5) сараптама мен консультация өткізу үшін орталық және жергілікті атқарушы органдардың мамандарын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды тарту;

6) өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыру;

7) «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің алдына қойған міндеттері мен функцияларын толық көлемде орындауды қамтамасыз ету;

8) шағым жасау, талап-арыз жазу, соттарда талапкер және жауапкер ретінде әрекет ету.

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінде басшылықты «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
  2. «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысын Нұр-Сұлтан қаласының әкімі лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады.
  3. «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
  4. «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

1)   өзінің орынбасарлары мен «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттерін айқындайды және жауапкершілік дәрежесін белгілейді;

2)   Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады;

3)   Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеу және марапаттау мәселелерін шешеді және оларға тәртіптік жазалар қолданады;

4)   өз құзыреті шегінде «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері үшін орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;

5)   «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;

6)   Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін ұсынады;

7) «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі жұмысының Регламентін бекітеді;

8)  құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;

9) «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қамтамасыз етуге қатысты құжаттарға «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бірінші қол қою құқығы бар;

10) «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимылдар жөнінде шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады.

«Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттілігін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді.
  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
  1. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайларда «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығында дербес мүлкі болуы мүмкін.

«Нұр-Сұлтан қаасының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен құрылады және негізгі қорлардан және айналма қаражаттан тұрады.

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық меншігіне жатады.
  2. «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы
Валюта Покупка Продажа
$
P