Қазақстан Республикасының 2015-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары тармақтарының 2017 жылғы ІI тоқсан бойынша

Жоспардың 4-тармағы бойынша: Басқарманың интернет-қорының ресми сайтында (www.economika.astana.kz) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Басқарманың қызметі туралы арнаулы бөлімнің жұмыс істеуі қамтамасыз етілген. Бұл бөлімде Қазқастан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі жөніндегі барлық нормативтік құқықтық актілер, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарлары, олардың орындалуы туралы ақпараттар қарастырылған.

Сондай-ақ, аталған бөлімде қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыруға септігін тигізетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы барлық жыл сайын өткізілетін акциялар сипатталады.

Жоспардың 27-тармағы бойынша: Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес Басқармада сенім телефонын көрсетумен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің этикалық кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) орналастырылған. Сенім телефоны жыл сайын «Астана ақшамы» газетінде жарияланады және Басқарманың ресми сайтында орналасқан. Хаттарға және жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған пошта жәшігі де жалпы шолу үшін орналастырылған. Ағымдағы жыл бойынша сенім телефоны бойынша және пошта жәшігіне өтініштер түскен жоқ.

Жоспардың 28-тармағына қатысты 2017 жылғы 4 ақпанда «Вечерняя Астана» газетінде Басқарма басшысының 2016 жыл бойынша Басқарма жұмысының қорытындылары туралы мақаласы орналастырылғанын хабарлаймыз.

30-тармағының орындалуы. Ай сайын бөлімдер құқықтық жаппай оқыту жоспарына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, бюджет, салық заңнамаларын зерделейді. Сондай-ақ, 2017 жылдың 6 ай кезеңі бойынша 7 дәріс өткізілді.

2017 жылдың 11 сәуірінде Астана қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің өкілдері «Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті құру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбына оқу дәрісін өткізді.

Сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңына сәйкес Басқарма Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеп, бекітті, ол сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесінің қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласы үшін орналастырылуға жолданды.

Астана қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментімен бірлесіп Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі жөнінде бірлескен іс-қимылдар жоспарын әзірлеп, бекітті. Басқармада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу бойынша бірлескен іс-шаралар кестесі әзірленді.

Жоспардың 44-тармағы бойынша: мемлекеттік сатып алу үдерісінің ашықтығын бақылау және арттыру үшін ай сайын құқықтық қамтамасыз ету және сатып алу бөлімі Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасына «Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатуп алу туралы» есебін тапсырады.

www.goszakup.gov.kz. Порталында мемлекеттік сатып алу бойынша барлық жасалған шарттар мен есептер орналастырылды.

Сонымен қатар, Басқарма қоса мынаны хабарлайды.

Бюджет қаражаттарын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдану және іске асырудың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялануға жататын құжаттар тізбесі бекітілді:

1. 2016-2020 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы;

2. Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджет параметрлерінің 2017-2021 жылдарға арналған болжамы;

3. «Астана қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының шешімдері;

4. «Астана қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Астана қаласы мәслихатының шешімі;

5. Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының паспорты;

6. Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары;

7. «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;

8. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу қорытындылары туралы хабарламалар мен шешімдер;

9. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспары (бекітілген/нақтыланған).

Бюджет қаражаттарының нысаналы жұмсалуына бақылауды күшейту мақсатында әкімшілік бөлімі ай сайын Астана қаласының Қаржы басқармасына Астана қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бюджетті атқаруы жөнінде есеп береді.

Ай сайын құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Астана қаласы бойынша басқармасына азаматтардың өтініштерін қарау және жеке қабылдау барысында азаматтардың өтніштерін орындау бойынша есеп береді.

2017 жылдың 1 қаңтарынан 30 маусымына дейін Басқармаға 13 өтініш келіп түсті, оның ішінде заңды тұлғалардан 10 өтініш және жеке тұлғалардан 3, бір өтініш орындалу сатысында, қалған өтініштер мерзімінде орындалды, өтінім иелеріне түсініктеме берілді. Қайталанған және анонимді өтініштер болған жоқ. басып шығару


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы
Валюта Покупка Продажа
$
P