Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының Астана қаласында Қазақстан Республикасының 2015-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылда

Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының Астана қаласында Қазақстан Республикасының 2015-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары тармақтарының 201жылғы

 I тоқсан бойынша орындалуы туралы

Ақпараты

 

Жоспардың 1-тармағы бойынша: Бюджет қаражаттарын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдану және іске асырудың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялануға жататын құжаттар тізбесі бекітілді:

1. 2016-2020 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы;

2. Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджет параметрлерінің 2017-2021 жылдарға арналған болжамы;

3. «Астана қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының шешімдері;

4. «Астана қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Астана қаласы мәслихатының шешімі;

5. Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының паспорты;

6. Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары;

7. «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;

8. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу қорытындылары туралы хабарламалар мен шешімдер;

9. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспары (бекітілген/нақтыланған).

Басқарма қызметі туралы ақпаратқа азаматтар мен ұйымдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін, Басқарманың сайтында жариялауға арналып әзірленген және бекітілген құжаттар, өткізілген іс-шаралар, конкурстар туралы ақпарат ай сайын жіберіліп тұрады.

Жоспардың 2-тармағы бойынша: Бюджет қаражаттарының нысаналы жұмсалуына бақылауды күшейту мақсатында әкімшілік бөлімі ай сайын Астана қаласының Қаржы басқармасына Астана қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бюджетті атқаруы жөнінде есеп береді.

Мемлекеттік қызметшілердің материалдық-техникалық, қаржылық және өзге де қызметтік іс-әрекет пен қызметтік ақпаратты қамтамасыз ету құралдарын қызметтік емес мақсаттарда пайдалануына тыйым салынудың сақталуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында, әкімшілік бөлімі ай сайын қызметтік көліктің жол парақтарына сәйкес пайдаланылуына, қалааралық сөйлесулер санына бақылау жүргізіп отырады. Бөлім басшылары сондай-ақ, кеңсе тауарларын үнемдеп пайдалану мақсатында, қызметкерлермен түсіндіру жұмысын жүргізеді.

Жоспардың 3-тармағы бойынша: Басқарманың интернет-қорының ресми сайтында (www.economika.astana.kz) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Басқарманың қызметі туралы арнаулы бөлімнің жұмыс істеуі қамтамасыз етілген. Бұл бөлімде Қазқастан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі жөніндегі барлық нормативтік құқықтық актілер, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарлары, олардың орындалуы туралы ақпараттар қарастырылған.

Сондай-ақ, аталған бөлімде қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыруға септігін тигізетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы барлық жыл сайын өткізілетін акциялар сипатталады.

Жоспардың 4-тармағы бойынша: Басқарма жыл сайын Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бойынша есеп тапсырады.

Жоспардың 5-тармағы бойынша: Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес Басқармада сенім телефонын көрсетумен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің этикалық кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) орналастырылған. Сенім телефоны жыл сайын «Астана ақшамы» газетінде жарияланады және Басқарманың ресми сайтында орналасқан. Хаттарға және жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған пошта жәшігі де жалпы шолу үшін орналастырылған. Ағымдағы жыл бойынша сенім телефоны бойынша және пошта жәшігіне өтініштер түскен жоқ.

Жоспардың 6-тармағына қатысты 2017 жылғы 4 ақпанда «Вечерняя Астана» газетінде Басқарма басшысының 2016 жыл бойынша Басқарма жұмысының қорытындылары туралы мақаласы орналастырылғанын хабарлаймыз.

7-8 тармақтарының орындалуы. Ай сайын бөлімдер құқықтық жаппай оқыту жоспарына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, бюджет, салық заңнамаларын зерделейді. Сондай-ақ, 2017 жылдың 3 ай кезеңі бойынша 3 дәріс өткізілді.

Сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңына сәйкес Басқарма Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеп, бекітті, ол сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесінің қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласы үшін орналастырылуға жолданды.

10-11 тармақтарының орындалуы бойынша, мемлекеттік сатып алу үдерісінің ашықтығын бақылау және арттыру үшін ай сайын құқықтық қамтамасыз ету және сатып алу бөлімі Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасына «Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатуп алу туралы» есебін тапсырады.

www.goszakup.gov.kz. Порталында мемлекеттік сатып алу бойынша барлық жасалған шарттар мен есептер орналастырылды.

12-тармақтың орындалуы бойынша. Басқарма бүгінгі күні Астана қаласының көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының (бұдан әрі – Жоспар) тармақтарын орындау бойынша жұмыс жалғастырылып жатқанын хабарлайды, Әкімдік бұдан ертерек 2017 жылғы 17 ақпандағы № 114-05/5426 хатпен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жинақтау үшін жоғарыда аталған Жоспардың тармақтарын іске асыру жөнінде ақпарат жолдады.


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы
Валюта Покупка Продажа
$
P