Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
December 5, 2018

(Русский) Гражданский бюджет города Астаны на 2018-2020 годы

Астана қаласының 2018-2020 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті

1-бөлім

 

Бюджет – мемлекеттің өз міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылай қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері болып табылады.

Бюджет процесi – мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген, бюджеттi жоспарлау, қарау, бекiту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есептiлiктi, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу, мемлекеттiк қаржылық бақылау, бюджеттiк мониторинг және нәтижелердi бағалау жөнiндегi қызметi.

Жергілікті бюджет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 1061 қаулысымен бекітілген Жергілікті бюджеттерді әзірлеу ережесіне сәйкес құрылады.

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 8-бабына сәйкес республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының шешімдерімен бекітіледі.

 

Қазақстан Республикасының «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2017 жылғы 30 қарашадағы № 113-VІ ҚРЗ Заңымен қабылданған 2018 жылғы негізгі әлеуметтік көрсеткіштер 

 

Көрсеткіштер 2018 жыл
Өмір сүру минимумы 28 284
Зейнетақының ең төмен мөлшері 33 745
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлеу мөлшері 15 274
Жалақының ең төмен мөлшері 28 284
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 2 405

 

Астана қаласының 2018 жылдың қаңтар – қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары

 

Астана қаласы аумағының алаңы 79,7 мың га құрайды. Халқы 1 060,8 мың адам.

  1. Өнеркәсіп

2018 жылдың қаңтар-қазанында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 7,1%-ға өсумен 487,2 млрд. теңгені құрады. Көлемнің ұлғаюы машина жасауда 62,1%, химия өндірісінде 35,8%, сусын өндірісінде 37,0%, металлургия өнеркәсібінде 11,8% және тамақ өнімі өндірісінде 7,6% өсім есебінен өңдеу өнеркәсібінде байқалады, НКИ – 109,4%.

Шұжық бұйымдары өндірісі 57,5%-ға, ұн өндірісі 5,7%-ға, тақтайша, тақта және кірпіш өндірісі 4,2%-ға, преформа өндірісі 0,6%-ға ұлғайды.

Сонымен қатар, дайын метал бұйымдарын өндіруде – 27,4%-ға, тоқыма өнеркәсібінде – 25,3%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде – 9,1%-ға төмендеу байқалады.

Ағымдағы жылы шамамен 600 тұрақты жұмыс орнын құрумен № 1 индустриялық паркі аумағында 7,7 млрд. теңге жалпы сомасына 6 жобаны пайдалануға енгізу жоспарланды. Индустрияландыру картасы шегінде 2010-2018 жылдар кезеңі ішінде 234,2 млрд. теңге сомасына инвестиция көлемімен және 3,5 мың жұмыс орнын құрумен 25 жоба іске асырылды.

  1. Ауыл шаруашылығында
  • жылдың қаңтар-қазанында жалпы өнім көлемі 2 438,9 млрд. теңгені құрады (НКИ – 91,3%).
  1. Шағын және орта бизнес

2018 жылдың қаңтар-қазанында шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп жатқан субъектілерінің саны 119,1 мың бірлікті немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне 124,4% құрады.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шегінде 2010 жылдан бастап 175 491,2 млн. теңге сомасына 1 006 жоба мақұлданды, оның ішінде:

– 789 жобаның пайыздық мөлшерін несиелік желінің жалпы сомасы 163 517,2 млн. теңгеге бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға.

– кепілдікті 178 833,1 млн. теңге төлеу сомасына 224 жобаның несиесін кепілдендіру;

– 3 122,6 млн. теңге сомасына 40 жобаның өндірістік инфрақұрылымына (электрмен жабдықтау, жолдарды жөндеу, кәріз, сумен жабдықтау, бу трассасын ауыстыру және т.б.).

– грант аясында 535,5 млн. теңге сомасына 177 жоба мақұлданды.

Бұдан басқа, несиелерді кепілдендіру бойынша 2 463,6 млн. теңге кепілдік төлеу сомасына 260 жоба.

  1. Инвестиция және құрылыс

2018 жылдың қаңтар-қазанында инвестициялар көлемі 767,3 млрд. теңгені немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне 100,1% құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 422,1 млрд. теңгені құрады немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне 89,5%. 2018 жылдың қаңтар- қазанында 2030,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (7,1%-ға төмендеу).

 

  1. Жұмыспен қамту

Жұмыссыздық деңгейі (2018 жылдың 3 тоқсанында) – 4,5% (23 822 жұмыссыз). Жастар арасындағы жұмыссыздық (15-28 жас аралығында) – 4,6% (2018 жылдың 3 тоқсаны). Өздігінен жұмыспен қамтылғандар – экономикалық белсенді халықтың 6,7% (35,7 мың адам, 2018 жылдың 3 тоқсаны).

Орташа айлық еңбекақы 2018 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 233,2 мың теңгені құрады, бұл 2017 жылдың тиісті кезеңінен 8,5%-ға жоғары.

  1. Инфляция индексі 2018 жылдың қазанында 104,2% құрады, оның ішінде азық – түлік тауарларына – 102,9%, азық – түлік емес тауарлар – 107,5 %, ақылы қызметтер – 102,2%.
  2. Қала бюджеті (ҚБ есебі бойынша) 2018 жылдың 1 қарашасына 438,2 млрд. теңгені құрайды (37% – республикалық бюджеттің трансферттері).

2018 жылдың 1 қарашасына 337,0 млрд. теңге немесе есепті кезеңде қаржыландыру жоспарының (354,4 млрд. теңге) 95,1% игерілді.

  1. Әлеуметтік сала

Әлеуметтік салаға 131,3 млрд. теңге қарастырылды (бюджеттің 30,3 %), оның ішінде білім беруге – 77631,9 млн. теңге (игерілгені – 40680,1 млн. теңге), денсаулық сақтауға – 12 220,2 млн. теңге (игерілгені – 4302,4 млн. теңге).

Оның ішінде қарастырылған қаражат есебінен 3 мектеп, байланыс пен энергиямен қамту КТМ құрылысын аяқтау және балабақша мен 2 КТМ инженерлік желілер жеткізу жоспарланады. 3 мектеп пен 8 қосымша құрылыс салу жалғастырылады, нашар көретін балаларға арналған 1 балабақша, сондай-ақ 12 мектеп пен 2 қосымша құрылысты жобалау жұмыстары басталды.

  1. Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолдар

Орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізе алатын халық үлесі – 94,9%, су бұру жүйесіне – 92%.

Сумен жабдықтау бойынша жалпы ұзындықтан жаңғыртылған желілер үлесі – 1,5%, су бұру жүйесі – 0,6%.

Есепті кезеңде:

– Мұстафин көшесінен Интернациональный т.а. дейін су беретін құбырды реконструкциялау;

– І көтергішті сорғы станциясын техникалық қайта жарақтандыру;

– № 29 көше бойында кәріздік коллектор салу;

– сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтаудың тартылатын инженерлік желілерін Тілендиев даңғылының оңтүстігіне қарай 20-2, №11 және Баршын көшелерінің шекараларында орналасқан құрылысқа салу. Осы жылы бөлінген қаржының толық игерілуі себебінен, оны жүзеге асыру тоқтатылды. Нысан консервациялау сатысында тұр.

Электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау

Жылумен жабдықтау бойынша жалпы ұзақтығынан жаңғыртылған желілер үлесі 1,4%, электрмен жабдықтау – 1,1% құрайды.

Елорданы электрмен жабдықтау жүйесін электр беру жүйесінің 4355,4 км, 1 389 кіші станция ұсынады, оның ішінде тарату пунктері, жинақы трансформаторлық кіші станциялар және трансформаторлық кіші станциялар саны 1358 бірлікті құрайды.

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу шеңберінде енгізілген және қаланың дамып жатқан бөлігін («Мыңжылдық» аллеясы, жаңа теміржол вокзалы, Оңтүстік – Шығыс ауданы, Орынбор даңғылы, Тұран даңғылы) жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында әкімдік 4 және 5 енгізілмдегі жылу магистральдерін салу жобасын іске асырды.

Жол – көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында жергілікті мәндегі автомобиль жолдарын реконструкциялау және салуға 2017 жылы 53,1 млрд. теңге, 2018 жылы – 45 млрд. теңге бөлінді. Автожолдарды орташа және ағымдық жөндеуді жүргізу үшін 2017 жылы 7,5 млрд. теңге, 2018 жылы – 5,5 млр. теңге берілді.

 

  1. Қоғамдық қауіпсіздік

2018 жылдың қаңтар-қазанында ауыр емес қылмыстардың 10,1%-ға, орташа ауыр қылмыстар санының 23,3% төмендегені байқалады. Ауыр қылмыстарды ашу 66,9%, аса ауыр қылмыстарды ашу 93,9% құрды.

 

Астана қаласының үш жылдық кезеңге арналған бюджеті (2018-2020 жылдар) Астана қаласының 2018-2022 жылдардағы бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде қалыптастырылды, «Астана қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 214/25-VІ шешімімен бекітілді және «Астана қаласының 2018-2020 жылдарғаарналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 214/25-VІ шешімін іске асыру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 114-2703 қаулысымен іске асырылды.

Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес Астана қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті «Астана қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 214/25-VІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 9 қарашадағы № 321/41-VI шешімімен нақтыланды.

Астана қаласының 2018 жылға арналған бюджетінің осы нақтылануы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106-бабына сәйкес өткізілді.

Қала бюджетінің кіріс және шығыс бөлігі ұлғайтылды.

Сондай-ақ, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері осы нақтылаудың шеңберінде бюджет қаражатын игеру мониторингісінің қорытындылары негізінде ішкі қайта бөлу жолымен жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша жылдық жоспарлы тағайындауларды қайта қарады.

Осылайша, енгізілген өзгерістердің есебімен Астана қаласының 2018 жылға нақтыланған бюджетінің жалпы көлемі 424 400,6 млн. теңгені құрды, бекітілген бюджетке өсім 43 185,2 млн. теңге немесе 11,3 % (бекітілген бюджет – 381 215,4 млн. теңге).

2018-2020 жылдарға арналған Астана қаласы бюджетінің

негізгі параметрлері

млрд. теңге

Аталуы 2018жыл 2019жыл 2020жыл
Нақтыланған бюджет Бекітілген бюджет Бекітілген бюджет
Түсімдер, оның ішінде: 424,4 320,0 307,8
1.Кірістер, оның ішінде: 409,6 320,0 306,8
Салықтық түсімдер 246,4 253,7 268,7
Салықтық емес түсімдер 6,4 1,3 1,4
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 11,2 2,3 2,2
РБ-тен берілетін трансферттердің түсуі 137,2 62,8 34,5
2.Бюджеттік кредиттерді өтеу 1,0 1,0
3.Қарыздардың түсуі 17,5
5.Қаржы жылының басына бюджеттік қаражат қалдықтары 5,7
Шығыстар 424,4 320,0 307,8
1.    Шығындар 392,3 297,6 291,5
2.    Бюджеттік кредиттер 7,2
3.    Қаржы активтерін сатып алу 20,7
4.    Қарыздарды өтеу 4,2 22,4 16,3

 

Түсімдер

 

2018-2020 жылдарға арналған жергілікті бюджет кірісінің түсімдерін болжау, Қазақстан Республикасы Бюджет және Салық кодекстерінің ережелерін, сондай-ақ басқа нормативтік құқықтық актілерді ескере отырып, Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары және бюджеттік параметрлер негізінде бюджеттің түсімдерін болжау әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.

Астана қаласының 2018 жылға арналған нақтыланған бюджетінің жалпы көлемі 424 400,6 млн. теңгені құрайды.

Астана қаласының 2018 жылға арналған жеке табыстарының нақтыланған болжамы (трансферттер мен кредиттердің түсімдерін есептемегенде) 263 976,2 млн.теңге сомасында айқындалды, бұл бекітілген болжамнан 21 422,6 млн. теңгеге немесе 8,8% артық.

Сонымен қатар, а.ж. қаңтар-қазанда Астана қаласының бюджетіне 206 228,4 млн. теңге немесе есепті кезең жоспарынан 97,8 % жеке табыс түсті, орындалмау 4 663,7 млн. теңгені құрды, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша нақты түсім 189 528,4 млн. теңгені құрды, жоспар 96,4% орындалды;

салықтық емес түсімдер бойынша6 186,0 млн. теңге, жоспар 1,7 есеге артық орындалды;

негізгі капиталды сатудан түскен түсім бойынша10 496,5 млн. теңге, жоспар 100,2% орындалды;

бюджеттік кредиттерді өтеу 17,5 млн. теңге.

Жергілікті бюджет кірісінің ұлғаюына мына факторлар әсер етеді:

– қала экономикасының даму қарқынының болжамды өсімі, оның ішінде құрылыс жұмыстарының, өнеркәсіп өнімінің, негізгі капиталға инвестициялардың болжамды өсімі, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен шағын кәсіпкерлік мөлшерінің ұлғаюы;

– экономикалық белсенді халық санының болжамды өсімі;

– барлық бағыттар бойынша салықтық әкімшілендірудің жақсаруы;

– салықтық берешектің төмендеуі және салықтық қызметтер сапасының жоғарылауы.

 

Шығыстар

 

Нақтыланған бюджеттің жалпы көлемі 424 400,6 млн. теңгені құрайды.

Астана қаласының 2018-2020 жылдарға арналған нақтыланған бюджетінің шығыстары Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауларынан туындайтын іс-шараларды және халықтың өмір сүру жағдайларын жақсартуға, шағын және орта бизнесті қолдауға, Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталған мемлекеттің барлық басым міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған.

2018 жылға арналған шығыстардың жалпы көлеміндегі даму бюджетінің көлемі 157,3 млрд. теңгені немесе 37%, ағымдық бюджет – 267,1 млрд. теңгені немесе 63% құрайды.

Бюджеттің әлеуметтік бағыттылығы сақталған, солай, әлеуметтік салаға 131,4 млрд. теңге, немесе жалпы бюджеттің 30,9% мөлшерінде шығыстар жоспарланған.

 

Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек

 млн.теңге

Атауы 2018жыл

 

2019жыл 2020жыл
Әлеуметтік қамтамасыз ету саласына нактыланған бюджет 11 889,8 10 133,9 10 395,7
оның ішінде әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін салуға және қайта жаңартуға 0,0 0,0 0,0

 

Әлеуметтік салада азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған барлық бұрын қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау негізгі басымдық болып табылады.

2018 жылы Астана қаласы бюджетінің әлеуметтік қамсыздандыруға және әлеуметтік көмекке кететін шығындары 11 889,8 млн.теңге сомада қарастырылды, оның ішінде:

– мүгедек балаларды әлеуметтік-еңбектік бейімдеуге; жалғызбасты зейнеткерлерге, мүмкіндіктері шектеулі балаларға медициналық көмек көрсетуге және күтімін ұйымдастыруға;

– жалғызбасты қарттарды және мүгедектерді; психоневрологиялық ауытқушылығы бар мүгедек балаларды; психоневрологиялық аурулармен ауыратын мүгедектерді; тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдарды елорданың медициналық-әлеуметтік мекемелерінде, сондай-ақ қарттар мен мүгедектерді, оның ішінде мүгедек балаларды оңалту орталықтарында әлеуметтік оңалтуға; күш көрсету немесе күш көрсету қауіпі салдарынан қиын жағдайға тап болған тәуекел топтарындағы адамдарға қызмет көрсету;

– еңбек нарығындағы жағдайды жақсарту, халықты жұмыспен қамтуды арттыру және жұмыссыздықты қысқарту мақсатында Жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде шаралар кешенін іске асыруға (қоғамдық жұмыстар, жұмыссыздарды кәсіптік даярлау және қайта даярлау, жастар тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс орындары);

– атаулы әлеуметтік көмек;

– тұрғын үй көмегін көрсету;

– мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсетуге осы санаттағы азаматтарды оңалту және әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша шаралар кешені қарастырылды:

басқалардың көмегіне мұқтаж жалғызбасты мүгедектерді күтуге мемлекетік жәрдемақыға қосымша төлемақылар;

техникалық және өзге құралдармен қамтамасыз ету;

үйлерінде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету;

инватакси қызметтерін дамыту;

мүгедектерді сауықтыру бағдарламасы бойынша оқыту;

– кохлеарды имплантанттарға процессорларды ауыстыру және реттеу қызметтеріне;

– жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек бойынша қалалық қоғамдық көлікте жеңілдікті жол жүру, мерейтой күндеріне ақшалай төлемдер, коммуналдық қызметтерді төлеуге және мерзімдік баспасөзге жазылу үшін материалдық көмек, ерекше мәртебеге ие адамдарды әлеуметтік қолдау, қатты отынды сатып алу үшін жекелеген азаматтар санатына өтемақы, жетімдерді, мүгедек-балаларды, көпбалалы отбасының балаларын оқытуға өтемақы, , санаторлық-курорттық емделуге жеңілдіктер, тісті протездеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, мүгедектерді тасымалдау үшін әлеуметтік көмек, белсенді туберкулезбен ауыратындарды жолақы билеттерімен, азық-түлікпен қамтамасыз ету.

 

Білім беру

 млн.теңге

Атауы 2018 жыл

 

2019 жыл 2020 жыл
Білім саласына нактыланған бюджет 77 784,4 64 480,3 60 701,5
оның ішінде білім беру объектілерін салуға және қайта жаңартуға 10 239,4 1 826,9 242,2

 

Астана қаласының нақтыланған бюджетінің білім беру саласына кететін шығындары 2018 жылы 77 784,4 млн.теңге сомада қарастырылды.

Тұтас алғанда, Астана қаласының білім беру жүйесін дамыту бойынша шығындар балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуға, сапалы мектептік және кәсіптік біліммен қамтамасыз етуге, түзету мектептерінде балаларды арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтуға, сондай-ақ жетім балалардың құқықтарын қорғауды ұйымдастыруға бағытталған.

Елордада сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін білім беру ғимараттарын материалдық-техникалық жарақтандыру және күрделі, ағымдағы жөндеу шаралары қарастырылды. Сондай-ақ, кітапхана қорларын жаңарту және оқулықтармен толықтыру және жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарының барлық оқушыларын тегін тамақтандыру қарастырылған.

Бұдан басқа, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтар санын, нашақорлық пен алкоголизм жағдайларын төмендету іс-шараларын іске асыру мақсатында бюджетте балаларға қосымша білім беруге қаражат қарастырылды, ол балаларды балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерімен, спорт үйірмелерімен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ, жетім балаларды мамандандырылған білім беру ұйымдарына орналастыруға қаражат қарастырылған.

Астана қаласының білім беру саласы мекемелерінің желісі 93 бала бақшадан, 40 балалар шағын орталықтарынан, 181 жеке бала бақшалар, 79 мектептен, 1 кешкі мектептен, дарынды балаларға арналған 5 жалпы білім беретін мамандандырылған білім беру мекемесі, 2 арнайы түзету мектеп – интернатынан, 11 колледжден, 5 психологиялық-медициналық педагогикалық түзету орталығынан, 2 оңалту орталығынан және 6 түзету кабинетінен,1 балалар үйінен, 1 отбасылық үлгідегі балалар ауылынан, 1 кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу және оңалту орталығынан, «Астана дарыны» атты 1 өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығынан, 1 білімді жаңғырту орталығынан тұрады, сондай-ақ балаларды қосымша біліммен қамтуды 2 Оқушылар сарайы және 9 ұйым жүзеге асырады.

2018 жылғы түзетілген бюджетте білім беру объектілерін дамытуға 10 239,4 млн. теңге қарастырылды, оның ішінде:

республикалық бюджет қаражаты – 8 844,2 млн. теңгені 3 мектептің құрылысын аяқтауға, 6 мектептің құрылысын жалғастыруға, 1 мектептің басталуы және 5 мектепке (№ 24,28,57,64,68) қосымша құрылысты бастауға жолдау жоспарлануда;

жергілікті бюджет қаражаты – 1 395,2 млн. теңге байланыс пен энергиямен қамтамасыз ету бейіндері бойынша кәсіптік-техникалық мектептің, Комсомольский тұрғын алабындағы бала бақшаға инженерлік желілер салуды аяқтауға, құрылыс бейіні бойынша КТМ құрылысын жалғастыруға, сондай-ақ, білім беру объектілерін жобалауға жіберіледі.

 

Денсаулық сақтау

 млн.теңге

Атауы 2018жыл 2019жыл 2020жыл
Денсаулық сақтау саласына нактыланған бюджет 11 735,4 9 543,8 2 105,8
оның ішінде денсаулық сақтау объектілерін салуға және қайта жаңартуға 25,4 0 300,0

 

Азаматтардың медициналық қызметтер алудағы қажеттілігін толық қанағаттандыру мақсатында 2018 жылғы бюджеттен денсаулық сақтау жүйесіне 11 735,4 млн. теңге қарастырылды.

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына бағынысты медициналық ұйымдар желісін 37 медициналық ұйым құрайды, оның ішінде: 14 стационарлық, 17 амбулаторлық–емханалық ұйым (13 емхана, 3 отбасылық денсаулық сақтау орталығы, 1 ЖТҚС алдын алу және күрес орталығы), 1 қалалық жедел медициналық көмек көрсету станциясы, 4 өзге де ұйымдар және 1 білім беру медициналық ұйымы құрайды.

Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шегінде шығыстарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының міндетті медициналық сақтандыру қоры есебінен іске асырылатын болады (дәрі – дәрмек, скринингтік зерттеулер, жедел жәрдем, амбулторлық және стационарлық емдеу).

Денсаулық сақтау саласында 2018 жылы келесі іс-шаралар қаржыландырылатын болады:

  • қала халқына иммунопрофилактика жүргізу үшін вакциналар мен өзге де иммунобиологиялық препараттар сатып алу;
  • жергілікті өкілетті органдарыдң шешімі бойынша тегін медиицналық көмектің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз ету;
  • жергілікті деңгейде, алыс және жақын шетелдерде медицина қызметкерлерінің біліктілік деңгейін көтеру бойынша жұмыстар жүргізу;
  • қала халқы арасында салауатты өмір салтын насихаттау;

2018 жылғы бекітілген бюджетінде денсаулық сақтаудың күрделі шығыстары жергілікті бюджет есебінен 5 639,9 млн. теңгені құрайды, бұл шығыстар медициналық ұйымдарды материалдық – техникалық жарақтандыруға және медиицналық мекемелерде күрделі жөндеу жүргізуге бағытталады.

2018 жылы денсаулық сақтау объектілерін дамытуға жергілікті бюджеттен 25,4 млн. теңге қарастырылды, бұл қаражат «Астана қаласында жедел медициналық жәрдем орталық станциясын салу» объектісіне санитарлық машиналар үшін жеке тұратын гараж құрылысына бағытталады.

 

Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасының бюджеті халықтың мәдени демалуын және ҚР орналасқан халықтың музыкалық өнерін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға, қазақтың ұлттық мәдениетін, республика халқының мәдениетін және әлемдік мәдениетті дамытуға, шығармашылық Одақтармен, қоғамдық ұйымдармен өазара байланысқа, фестивальді, байқауларды, конкурстарды, жаңа жылдық іс-шараларды, мерейтойлық және естелік күндерін және басқа да мәдени – көпшілік іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталды.

Бұдан басқа, халықтың материалдық және рухани мәдениетінің ескерткіштерін жинауға және сақтауға, тарихи – мәдени мұраларды сақтауды қамтамасыз етуге, тарихи ескерткіштерді анықтау, есептеу, қорғау, жаңарту, консервациялау, регенерациялау, қолдану және насихаттау бойынша жұмыстарды іске асыру, тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау, пайдалану, есептеу және жаңартуды заңнамамен белгіленген тәртіпте сақтауды бақылауды іске асыру, жас таланттарға, қызметкерлерге қолдау көрсету, материалдық – техникалық базаны нығайтуға және театрландырылған ойын – сауық іс-шараларын, қойылымдарды, спектакльдерді, гастрольдерді ұйымдастыруға бағытталған.

Сонымен қатар, жергілікті бюджет қаражаты оқырмандарды әдебиетке кеңінен тартуға, кітапханалар желісін тұрақтандыруды қамтамасыз етуге және дамытуға, кітап қорын қалыптастыруға және сақтауға бағытталды.

Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы мекемелерінің желісін 18 кітапхана, 2 мұражай, «Қазақстан картасы» этномемориалды саябақ, Ескерткіштер мен тарихи –мәдени мұралар объектілерін сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі дирекция, 5 театр, 7 мәдени-демалыс кәсіпорындары: Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы, Мемлекеттік филармония, Жастар сарайы, Астаналық цирк, Амфитеатр, Номад Сити Холл және 10 балалар – жасөспірімдер мектебі, 1 теннис корты, 2 стадион, 1 мұз сарайы, 1 олимпиадалық резерв дайындау орталығы, 1 спорт клубы, 2 жоғары спорт шеберлігі және спорттың кәсіптік түрлерін дамыту (8 түр) мектебі құрайды

Спорт саласына жоспарланған бюджеттік қаражат:

  • салауатты өмір салтын қалыптастыруға, елордалық спортшылардың бәсекеге қабілеттілігін көтеруге, спорттық инфрақұрылымды дамытуға;
  • дене тәрбиесі және спортты дамыту бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға, спорт резервін, халықаралық деңгейдегі спортшыларды дайындауды іске асыруға;
  • дене тәрбиесі және спорттың материалдық – техникалық базасын құруға және нығайтуға;
  • спорттың әр түрі бойынша қалалық құрама командаларын дайындауды және олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысуын қамтамасыз етуге;
  • қала бойынша спорт жарыстарын өткізуге бағытталатын болады.

Мәдениет және спорт объектілерін дамытуға 60,9 млн. теңге қарастырылды, аталған қаражат Жамбыл және 2-ші Алматы көшелері ауданында 1100 орынға арналған мектепке спорт алаңдарын салуға және мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін «Қайсар» спорт мектебін жобалауға және т.б. жолданады.

Даму бюджеті

Даму бюджеті негізінен инвестициялық жобаларды іске асыруға, қала үшін қажетті инфрақұрылым, сондай-ақ әлеуметтік объектілер салуға бағытталады. 2018 жылғы шығыстардың жалпы көлемінде даму бюджетінің мөлшері 149,5 млрд. теңгені немесе 35% құрайды, оның ішінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша:

Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасына 61 741,6 млн. теңге қарастырылды, оның ішінде республикалық бюджеттен трансферттер – 50 140,4 млн. теңгені, республикалық бюджеттен несиелер – 5 947,5 млн. теңге, жергілікті бюджет қаражаты – 5 653,7 млн. теңгені құрайды.

Бұл қаражат елорданың барлық энергия кешенін жандандыруға, кеңейтуге және қайта жаңартуға, сондай-ақ, ЖЭО-3 құрылысына, ЖЭО-2 кеңейтуге және қайта жаңартуға, ЖЭО-1 реконструкциялауға, жұмыс істеп жатқан магистральды желілерді реконструкциялауға, ЖЭО-3-тен Конституция көшесіне дейінгі тасжол учаскесінде 5 енгізілімнің жылу магистралін және жылу энергетика кешенінің өзге де объектілерін салуды бастауға бағытталатын болады.

Сонымен қатар, 1 көтерілімдегі сору станциясынан СФС-на келетін су өткізуді қалпына келтіруді бастауға, су жүргізу және өздігінен ағатын кәріз жүйелерін реконструкциялауға, Интернациональный тұрғын алабында жаңа сору-фильтрлеу станциясын салуға, нөсер кәрізін дамытуды жалғастыруға, жосопарланған Мыңжылдық ауданында желілер мен коммуникациялар, Желі паркінің 1 – кезегін салуға және өзге де коммуналдық шаруашылық объектілерін іске асыруға бағытталатын болады.

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына елорданың көлік инфрақұрылымын дамытуға 55 142,6 млн. теңге қарастырылды, оның ішінде республикалық бюджеттен трансферттер – 46 318,2 млн. теңге, жергілікті бюджет қаражаты – 8 824,4 млн. теңге.

Бұл қаражатты Шағын айналма жол құрылысына, тұрғын үй алаптарында жолдар мен инженерлік желілер салу мен реконструкциялауға, № 39 көшеден Қалдаяқов көшесіне және № 27 көше бойында Есіл өзені арқылы көпірге дейінгі учаскеде № 27 көшені салуға, өнеркәсіп кәсіпорындарына, әлеуметтік объектілерге кіреберіс жолдарын және көлік инфрақұрылымының өзге де объектілерін салуға бағыттау жоспарлануда.

Сондай-ақ, жергілікті бюджет қаражаты есебінен автомобиль жолдарының құрылысына және реконструкциялауға 8,8 млрд. теңге, орташа және ағымдық жөндеу жүргізуге – 5,2 млрд. теңге қарастырылды.

ЛРТ салу бойынша несиелік төлемдерді төлеудің жарғылық капиталын ұлғайтуға республикалық бюджеттен 9 060,0 млн. теңге, 210 қалалық автобус сатып алу және ITS (2 кезек) іске асыру бойынша несиелік төлемдерді төлеуге жергілікті бюджет қаражаты есебінен – 3 851,2 млн. теңге бөлінді.

Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасына инвестициялық жобаларды дамытуға 28 944,7 млн. теңге қарастырылды, оның ішінде: республикалық бюджеттен трансферттер – 11 822,6 млн. теңге, жергілікті бюджет қаражаты – 17 122,1 млн. теңге.

Бөлінген қаражат шегінде білім беру, мемлекеттік органдар объектілерін салу, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шегінде халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін объектілер салу, сондай-ақ, тұрғын үй құрылысы объектілеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу және жайластыру жоспарлануда. Сондай-ақ, 2018 жылы Есіл өзені арнасын қайта жаңарту бойынша жұмыстар жоспарлануда.

Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасына 1 945,2 млн. теңге мөлшерінде қаражат жоспарланды, Алаш тасжолы бойындағы қала аумағын су басудан инженерлік қорғау құрылысы, Астана қаласының аумағында бақтар мен жаяу жүргіншілер аймағын салуға және қоғамдық кеңістікті үйлесімді, қолайлы жайластыруға және қоршаған ортаны қорғау бойынша басқа да іс-шараларды іске асыруға бағытталатын болады.

Қалалық ортаны регенерациялау басқармасына инвестициялық жобаларды дамыту үшін 1 759,8 млн.теңге қарастырылған, оның ішінде: республикалық бюджеттен трансферттер – 1 275,3 млн. теңге, жергілікті бюджет қаражаты – 484,5 млн. теңге.

Бұл қаражат 3 мектептің, 6 жапсаржайдың, көру қабілеті бұзылған балалар үшін 1 балабақша, сондай-ақ білім, спорт, абаттандыру, коммуналдық шаруашылық және өрт қауіпсіздігі объектілерін жобалауға бағытталатын болады.

Астана қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлері осындай.


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы
Валюта Покупка Продажа
$
P