Жаңа бастамалар және тиімділік индикаторларына қол жеткізу бөлімінің бас маманы D-O-4 (12-2)

«Бос орындар» бөлімі

Астана қаласының Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасында: стратегиялық жоспарлау бөлімінің бас маманы, жаңа бастамалар және тиімділік индикаторларына қол жеткізу бөлімінің бас маманы  бос лаузымдары бар.

 

Жаңа бастамалар және тиімділік индикаторларына қол жеткізу бөлімінің

бас маманы D-O-4 (12-2)

Өлшемдер Талаптар
Білімі бойынша талаптар Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары білім
Заңнаманы білу Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығы, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты», аталмыш санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардың қарым-қатынасын реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, жетекшілік ететін бөлімдердің орындалатын жұмыс мәселелері жөніндегі заңнамалық және нормативтік құжаттары; «Астана қаласының Стратегиялык және бюджеттік жоспарлау басқармасы»  мемлекеттік мекемесі ереже.
Құзырет бойынша талаптар  Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес
Функционалдық міндеттер Ұсыныстарды қарау және әлеуметтік және инфракұрылымдық жобалар бойынша жаңа бастамаларды елорданы дамыту перспективаларына сәйкес келуі тұрғысынан келісу. Әлеуметтік және инфрақұрылымдық даму бағыты бойынша ұсынылған инвестициялық ұсыныстардың негізінде қаржыландырудың балама көздерін пайдаланудың мақсатқа лайықтығы бойынша бюджет шығыстарына талдау жасау. Әлеуметтік және инфрақұрылымдық даму бағыты бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды қарау және келісу. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жобаларына, оның ішіндеәлеуметтік және инфрақұрылымдық даму бағыты бойынша концессиялық жобаларға экономикалық сараптама өткізуге экономикалық қорытынды дайындау. Іске асырылуы жоспарланған мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобалары бойынша жиынтық тізбе құру және оны жергілікті өкілдікті органға ұсыну. “Жобаларды басқару” ақпараттық жүйесі арқылы Астана қаласы әкімдігінің жобалық қызметін жүргізу және оған қатысу.



Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы
Валюта Покупка Продажа
$
P