Стратегиялық жоспарлау бөлімінің бас маманы D-O-4 

«Бос орындар» бөлімі

Астана қаласының Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасында: стратегиялық жоспарлау бөлімінің бас маманы, жаңа бастамалар және тиімділік индикаторларына қол жеткізу бөлімінің бас маманы  бос лаузымдары бар.

 

Стратегиялық жоспарлау бөлімінің бас маманы D-O-4 

Өлшемдер Талаптар
Білімі бойынша талаптар Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары білім
Заңнаманы білу Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығы, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты», аталмыш санаттын нақты лауазымдық мамандануына сәйкес салалардың қарым-қатынасын реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, жетекшілік ететін бөлімдердің орындалатын жұмыс мәселелері жөніндегі заңнамалық және нормативтік құжаттары; «Астана қаласының Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі ереже.
Құзырет бойынша талаптар  Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес
Функционалдық міндеттер  Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамының жобасын құру және ұсыныстар әзірлеу.  Астана қаласының даму бағдарламасының жобасын құру және ұсыныстар әзірлеу. Астана қаласын дамыту бағдарламасына мониторинг жүргізу. Салалық және мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу. Энергетика және коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығы, автокөлік жолдары, жолаушылар тасымалдау, тілдерді дамыту және аудан әкімдіктерісалаларына стратегиялық жоспарлау бойынша ұсыныстар әзірлеу. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының және Үкіметі қаулыларының жобаларын қарастыру және келісу. Салалық және мемлекеттік бағдарламалар жобаларын қарау және келісу.  Қазақстан Республикасының бағдарламалық құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актілер жобаларын қарастыру және келісу. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметіне анықтамалық және талдамалық ақпарат дайындау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, концессиялық жобаларды жоспарлау, қарау және келісу және олар бойынша экономикалық қорытындылар әзірлеу.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы
Валюта Покупка Продажа
$
P