Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
June 12, 2019

Нұр-Сұлтан қаласының 2019-2021 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті

Нұр-Сұлтан қаласының 2019-2021 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті

1-бөлім

Бюджет – мемлекеттің өз міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылай қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері болып табылады.

Бюджет процесi – мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген, бюджеттi жоспарлау, қарау, бекiту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есептiлiктi, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу, мемлекеттiк қаржылық бақылау, бюджеттiк мониторинг және нәтижелердi бағалау жөнiндегi қызметi.

Жергілікті бюджет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 1061 қаулысымен бекітілген Жергілікті бюджеттерді әзірлеу ережесіне сәйкес құрылады.

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 8-бабына сәйкес республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының шешімдерімен бекітіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2018 жылғы 30 қарашадағы № 197-VІ Заңымен қабылданған                          2019 жылғы негізгі әлеуметтік көрсеткіштер

 

 

Көрсеткіштер 2019 жыл
Күнкөріс минимумы 29 698
Зейнетақының ең төмен мөлшері 36 108
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлеу мөлшері 16 037
Жалақының ең төмен мөлшері 42 500
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 2 525

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана қаласының 2019 жылдың қаңтар – ақпан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары

 

Астана қаласы аумағының алаңы 79,7 мың га құрайды. Халқы 1 094,4 мың адам.

2019 жылдың қаңтар-мамырында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 12,1%-ға өсумен 261,1 млрд. теңгені құрады. Көлемнің ұлғаюы өңдеу өнеркәсібінде                    11,2%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру көлемінің 30,3% өсуі есебінен, машина жасауда 2,3есеге, металлургия өнеркәсібінде 15,7%-ға, сусын өндіруде 17,3%-ға өсу байқалды.

Нан өндіру 2,5%-ға, шұжық өнімдері – 4,5% -ға, преформалар – 30,5%-ға, құбырлар – 2,0 есеге өсті.

Сонымен қатар тоқыма өнеркәсібінде – 84,5%, азық-түлік тауарларында – 4,4%, өзге де бейметалл минералды өнімдер өндіруде – 12,3% -ға төмендеу байқалады.

Индустрияландыру картасының аясында 2010-2018 жылдар аралығында 234,2 млрд. теңге сомасына 25 жоба жүзеге асырылды, жұмыс орындарының саны 3,5 мың адам.

Ағымдағы жылы №1 Индустриалдық парк аумағында жалпы құны                           23,4 млрд. теңгені құрайтын 3 жобаны іске қосу жоспарланды, 518 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Әрекет етуші ШОК субъектілерінің саны 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда                                  23,3% ұлғаюмен, 128,5 мың бірлікті құрады (2018 жылы – 104,2 мың бірлік).

2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ШОС тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) шығару көлемі 4 983,7 млрд. теңгені құрады және 2017 жылмен салыстырғанда атаулы көріністе 4,6% -ға ұлғайды (2017 жылы – 4 888,9 млрд.теңге).

2019 жылғы 10 маусымдағы жағдай бойынша «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамыту мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде 5 189,1 млн. теңгеге 72 жоба мақұлданды, оның ішінде:

– 55 жобаның пайыздық ставкаларын субсидиялау бойынша                               4 957,2 млн. теңге ЕДБ арқылы несие желісі бойынша;

            231,9 млн. теңге сомасына кепілдік төлеу сомасына 17 жобаның кредиттеріне кепілдік беру бойынша.

Нәтижесінде қала кәсіпорындарында 9,0 мыңнан астам жұмыс орны сақталды және 5,6 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды, бюджет кірісіне 24,3 млрд. теңге салық түсімі түсті.

2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында инвестиция көлемі 189,2 млрд. теңгені құрды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 114,2 млрд. теңгені немесе               2018 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 76% құрды. 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында 762,5 мың ш.м. тұрғын үй енгізілді.

Жұмыссыздық деңгейі (2019 жылдың І тоқсанында) – 4,5% (24 909 жұмыссыз). Жастар арасындағы жұмыссыздық (15-28 жас аралығында) – 4,5%. Өздігінен жұмыспен қамтылғандар – экономикалық белсенді халықтың 8%.

Орташа айлық еңбекақы 2019 жылдың қаңтар-наурызында 233,5 мың теңгені құрады, бұл 2018 жылдың тиісті кезеңінен 4,4%-ға жоғары.

Инфляция деңгейі 2019 жылдың мамырында 103,1% құрады, оның ішінде азық – түлік тауарларына – 108,6%, азық – түлік емес тауарларға – 100,9%, ақылы қызметтер – 98,2%.

Қала бюджеті (ҚБ есебі бойынша) 2019 жылдың 1 маусымына 459,6 млрд. теңгені құрайды (35,2% – республикалық бюджеттің трансферттері).

2019 жылдың 1 маусымына 150,6 млрд. теңге немесе есепті кезеңдегі қаржыландыру жоспарына (154,7 млрд. теңге) 97,1% игерілді.

Әлеуметтік салаға 149,9 млрд. теңге қарастырылды (бюджеттің 35,2 %), оның ішінде білім беруге – 101,5 млрд. теңге (игерілгені – 10,3 млрд. теңге), денсаулық сақтауға – 11,6 млрд. теңге (игерілгені – 699,8 млн. теңге).

Ағымдағы жылы білім беру саласында 5 мектеп пен5 мектепке жапсарлас құрылысты, бала бақшаға инженерлік желілер жүргізуді аяқтау жоспарлануда.               7 мектептің, 5 жапсарлас құрылыстың, 1 КТМ, көрулері нашар балалар үшін 1 бала бақшаның құрылысын, бала бақшаларға инженерлік желілер жүргізуді, сондай-ақ, 10 мектепті жобалауды бастау және жалғастыру.

377 мектепке дейінгі ұйым қызмет етеді, олар 50825 баланы немесе 90% (3-6 жас) қамтиды.

 

Нұр-Сұлтан қаласының үш жылдық кезеңге арналған бюджеті                     (2019-2021 жылдар) Астана қаласының 2019-2023 жылдардағы бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде қалыптастырылды, «Астана қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы                      № 333/42-VI шешімімен бекітілді және «Астана қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 333/42-VI шешімін іске асыру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 114-2031 қаулысымен іске асырылды.

Нұр-Сұлтан қаласының 2019 жылға бекітілген бюджетінің жалпы көлемі 2018 жылғы бекітілген бюджетке өсім 44 680,4 млн. теңге немесе 11,7 % өсумен 425 895,8 млн. теңгені құрайды (бекітілген бюджет – 381 215,4 млн. теңге).

Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті «Астана қаласының                       2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 333/42-VI шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Астана қаласы мәслихатының 2019 жылғы                           6 наурыздағы № 354/45-VI шешімімен нақтыланды.

Нұр-Сұлтан қаласының 2019 жылға арналған бюджетінің осы нақтылануы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106-бабына сәйкес өткізілді.

Бұдан басқа, қала бюджетінің кіріс бөлігі ұлғайтылды.

Сондай-ақ, осы нақтылау шеңберінде бюджет қаражатын игеру мониторингісінің қорытындылары негізінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері  ішкі қайта бөлу жолымен жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша жылдық жоспарлы тағайындаулар қайта қарады.

Осылайша, енгізілетін өзгертулерді ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласының 2019 жылға нақтыланған бюджетінің жалпы көлемі 461 690,4 млн. теңгені құрды, бекітілген бюджетке өсім 35 794,6 млн. теңге немесе 8,4 % (бекітілген бюджет – 425 895,8 млн. теңге).

2019-2021 жылдарға арналған Нұр-Сұлтан қаласы бюджетінің

негізгі параметрлері

млрд. теңге

Аталуы 2019 жыл 2020 жыл 2021 жыл
Нақтыланған бюджет Бекітілген бюджет Бекітілген бюджет
Түсімдер, оның ішінде: 461,7 353,5 340,0
1.Кірістер, оның ішінде: 436,9 352,5 340,0
Салықтық түсімдер 264,1 281,5 295,4
Салықтық емес түсімдер 3,4 1,3 1,3
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 7,8 2,6 2,5
РБ-тен берілетін трансферттердің түсуі 161,6 67,1 40,8
2.Бюджеттік кредиттерді өтеу 0 1,0 0
3.Қарыздардың түсуі 20,1
4.Қаржы жылының басына бюджеттік қаражат қалдықтары 4,7  
Шығыстар 431,0 353,5 340,0
1.    Шығындар 379,8 286,5 266,2
2.    Бюджеттік кредиттер 10,9
3.    Қаржы активтерін сатып алу 20,4 9 4,8
4.    Қарыздарды өтеу 19,9 57,9 69,0

 

 

 

 

 

 

Түсімдер

 

2019-2021 жылдарға арналған жергілікті бюджет кірісінің түсімдерін болжау Қазақстан Республикасы Бюджет және Салық кодекстерінің ережелерін, сондай-ақ басқа нормативтік құқықтық актілерді ескере отырып, Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары және бюджеттік параметрлер негізінде бюджеттің түсімдерін болжау әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.

Нұр-Сұлтан қаласының 2019 жылға бекітілген бюджетінің жалпы көлемі 461 690,4 млн. теңгені құрайды.

Нұр-Сұлтан қаласының 2019 жылға арналған жеке табыстарының нақтыланған болжамы (трансферттер мен несиелердің түсімі есебінсіз) 274 137,5 млн.теңге сомасында айқындалды, бұл 2018 жылға бекітілген бюджеттен 1 422,5 млн. тенгеге артық, оның ішінде:

– салықтық түсімдер264,1 млрд.теңге, бұл 10,5% жоғары (238,9 млрд.теңге);

– салықтық емес түсімдер – 2,9 млрд.теңге (бюджет заңнамасына сәйкес жоспарланбаған айыппұлдардан түсетін түсімдер алынып тасталды);

– негізгі капиталды сатудан түскен түсім – 7,5 млрд.теңге жоспар (оның ішінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіруден түсетін түсімдер – 0,9 млрд. теңге).

Сонымен бірге, ағымдағы жылдың қаңтар – мамырында Нұр-Сұлтан қаласының бюджетіне 103 149,1 млн. теңге жеке кірістер түсті, немесе есепті кезең жоспарының 99,7%, оның ішінде:

  • салықтық түсімдер бойынша нақты түсім 96 657,2 млн. теңгені құрады, жоспар 96,8%-ға орындалды;
  • салықтық емес түсімдер бойынша 2 941,9 млн. теңге, жоспар 3,3 есеге артық орындалды;
  • негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 3 551,9 млн. теңге, жоспар 1,3 есеге артық орындалды.

Жергілікті бюджет кірісінің ұлғаюына мына факторлар әсер етеді:

– қала экономикасының даму қарқынының болжамды өсімі, оның ішінде құрылыс жұмыстарының, өнеркәсіп өнімінің, негізгі капиталға инвестициялардың болжамды өсімі, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен шағын кәсіпкерлік мөлшерінің ұлғаюы;

– экономикалық белсенді халық санының болжамды өсімі;

– барлық бағыттар бойынша салықтық әкімшілендірудің жақсаруы;

– салықтық берешектің төмендеуі және салықтық қызметтер сапасының жоғарылауы.

  

 

Шығындар

 

Нақтыланған бюджеттің жалпы көлемі 461 690,4млн. теңгені құрайды.

Нұр-Сұлтан қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бекітілген бюджетінің шығындары Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауларынан туындайтын іс-шараларды және халықтың өмір сүру жағдайларын жақсартуға, шағын және орта бизнесті қолдауға, Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталған мемлекеттің барлық басым міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған.

2019 жылға арналған шығындардың жалпы көлеміндегі даму бюджетінің көлемі 176,7 млрд. теңгені немесе 38,3%, ағымдағы бюджет – 284,9 млрд. теңгені немесе 61,7% құрайды.

Бюджеттің әлеуметтік бағыттылығы сақталған, солай, әлеуметтік салаға                 156,4 млрд. теңге, немесе ағымдағы бюджеттің 54,9% мөлшерінде шығындар жоспарланған.

Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек

                                                                                                                          млн.теңге

Атауы 2019 жыл

 

2020 жыл 2021 жыл
Әлеуметтік қамтамасыз ету саласына бекітілген бюджет 14 969,2 10 375,3 10 640,2
оның ішінде әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін салуға және реконструкциялауға 0,0 0,0 0,0

 

Әлеуметтік салада азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған барлық бұрын қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау негізгі басымдық болып табылады.

2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласы бюджетінің әлеуметтік қамсыздандыруға және әлеуметтік көмекке кететін шығындары 14 969,2 млн.теңге сомасында қарастырылды, бұл қаражат келесі іс-шараларға бағытталады:

– мүгедек балаларды әлеуметтік-еңбектік бейімдеуге; жалғызбасты зейнеткерлерге, мүмкіндіктері шектеулі балаларға медициналық көмек көрсетуге және күтімін ұйымдастыруға;

– жалғызбасты қарттарды және мүгедектерді; психоневрологиялық ауытқушылығы бар мүгедек балаларды; психоневрологиялық аурулармен ауыратын мүгедектерді; тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдарды елорданың медициналық-әлеуметтік мекемелерінде, сондай-ақ қарттар мен мүгедектерді, оның ішінде мүгедек балаларды оңалту орталықтарында әлеуметтік оңалтуға; күш көрсету немесе күш көрсету қаупі салдарынан қиын жағдайға тап болған тәуекел топтарындағы адамдарға қызмет көрсету;

– еңбек нарығындағы жағдайды жақсарту, халықты жұмыспен қамтуды арттыру және жұмыссыздықты қысқарту мақсатында Жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде шаралар кешенін іске асыруға (қоғамдық жұмыстар, жұмыссыздарды кәсіптік даярлау және қайта даярлау, жастар тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс орындары);

– атаулы әлеуметтік көмек;

– тұрғын үй көмегін көрсету;

– мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсетуге осы санаттағы азаматтарды оңалту және әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша шаралар кешені қарастырылды:

басқалардың көмегіне мұқтаж жалғызбасты мүгедектерді күтуге мемлекетік жәрдемақыға қосымша төлемақылар;

техникалық және өзге құралдармен қамтамасыз ету;

үйлерінде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету;

инватакси қызметтерін дамыту;

мүгедектерді оңалту бағдарламасы бойынша оқыту;

– кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және баптау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге;

– жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек бойынша қалалық қоғамдық көлікте жеңілдікті жол жүру, мерейтой күндеріне ақшалай төлемдер, коммуналдық қызметтерді төлеуге және мерзімдік баспасөзге жазылу үшін материалдық көмек, ерекше мәртебеге ие адамдарды әлеуметтік қолдау, қатты отынды сатып алу үшін жекелеген азаматтар санатына өтемақы, жетімдерді, мүгедек-балаларды, көпбалалы отбасының балаларын оқытуға өтемақы, санаторлық-курорттық емделуге жеңілдіктер, тісті протездеу мен ауыз қуысын санациялау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, мүгедектерді тасымалдау үшін әлеуметтік көмек, белсенді туберкулезбен ауыратындарды жолақы билеттерімен, азық-түлікпен қамтамасыз ету.

– тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру.

 

 

Білім беру

                                                                                                                             млн.теңге

Атауы 2019 жыл

 

2020 жыл 2021 жыл
Білім саласына бекітілген бюджет 106 685,5 68 560,6 61 014,4
оның ішінде білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға 22 405,1 10 121,9 570,3

 

Нұр-Сұлтан қаласының бюджетінде білім беру саласына 2019 жылы барлығы 106 685,5 млн.теңге сомасында қарастырылды.

Тұтас алғанда, Нұр-Сұлтан қаласының білім беру жүйесін дамыту бойынша шығындар балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуға, сапалы мектептік және кәсіптік біліммен қамтамасыз етуге, түзету мектептерінде балаларды арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтуға, сондай-ақ жетім балалардың құқықтарын қорғауды ұйымдастыруға бағытталған.

Елордада сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін білім беру ғимараттарын материалдық-техникалық жарақтандыру және күрделі, ағымдағы жөндеу шаралары қарастырылды. Сондай-ақ, кітапхана қорларын жаңарту және оқулықтармен толықтыру және жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарының барлық оқушыларын тегін тамақтандыру қарастырылған.

Бұдан басқа, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтар санын, нашақорлық пен алкоголизм жағдайларын төмендету іс-шараларын іске асыру мақсатында бюджетте балаларға қосымша білім беруге қаражат қарастырылды, ол балаларды балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерімен, ғылыми және шығармашылық үйірмелермен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ, жетім балаларды мамандандырылған білім беру ұйымдарына орналастыруға қаражат қарастырылған.

Нұр-Сұлтан қаласының білім беру саласы мекемелерінің желісі 90 мемлекеттік балабақшадан, 40 балалар шағын орталықтарынан, 216 жеке-меншік балабақшалар, 80 мектептен,1 кешкі мектептен, дарынды балаларға арналған 5 жалпы білім беретін мамандандырылған білім беру мекемесінен, 2 арнайы түзету мектеп – интернатынан, 11 колледжден, 5 психологиялық-медициналық педагогикалық түзету орталығынан, 2 оңалту орталығынан және 6 түзету кабинетінен, 1 балалар үйінен, 1 отбасылық үлгідегі балалар аулынан,                     1 кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығынан, «Астана дарыны» атты 1 дарындылықты дамыту және психологиялық қолдау орталығынан, 1 білімді жаңғырту орталығынан тұрады, сондай-ақ балаларды қосымша біліммен қамтуды 2 Оқушылар сарайы және 9 ұйым жүзеге асырады.

2019 жылғы бекітілген бюджетте білім беру объектілерін дамытуға 22 405,1 млн. теңге қарастырылды, оның ішінде:

республикалық бюджет қаражаты – 20 716,6 млн. теңгені 7 мектеп және 5 мектепке қосымша құрылыс салуды аяқтауға, 4 мектепті, 3 мектепке қосымша құрылысты бастауға және жалғастыруға бағыттау жоспарлануда;

жергілікті бюджет қаражаты – 1 688,5 млн. теңге республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру нысандарының құрылысын бірлесіп қаржыландыруға, балабақшаға инженерлік желілердің құрылысын аяқтауға, құрылыс бейіні бойынша кәсіптік-техникалық мектептің, көру қабілеті бұзылған балаларға арналған 1 балабақша құрылысын бастауға жəне жалғастыруға,                     11 мектепті жобалауға бағытталды.

 

 

 

Денсаулық сақтау

                                                                                                                             млн.теңге

Атауы 2019 жыл 2020 жыл 2021 жыл
Денсаулық сақтау саласына бекітілген бюджет 11 896,8 2 236,6 2 175,9
оның ішінде денсаулық сақтау объектілерін салуға және реконструкциялауға 0 151,4 80,0

 

Азаматтардың медициналық қызметтер алудағы қажеттілігін толық қанағаттандыру мақсатында 2019 жылғы бюджеттен денсаулық сақтау жүйесіне 11 896,8 млн. теңге қарастырылды.

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына бағынысты медициналық ұйымдар желісін 37 медициналық ұйым құрайды, оның ішінде: 14 стационарлық, 17 амбулаторлық–емханалық ұйым (13 емхана, 3 отбасылық денсаулық сақтау орталығы, 1 ЖТҚС алдын алу және күрес орталығы), 1 қалалық жедел медициналық көмек көрсету станциясы, 4 өзге де ұйымдар және 1 білім беру медициналық ұйымы құрайды.

Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шегінде шығындарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының міндетті медициналық сақтандыру қоры есебінен іске асырылатын болады (дәрі – дәрмек, скринингтік зерттеулер, жедел жәрдем, амбулаторлық және стационарлық емдеу).

Денсаулық сақтау саласында 2019 жылы келесі іс-шаралар қаржыландырылатын болады:

  • қала халқына иммунопрофилактика жүргізу үшін вакциналар мен өзге де иммунобиологиялық препараттар сатып алу;
  • жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз ету;
  • жергілікті деңгейде, алыс және жақын шетелдерде медицина қызметкерлерінің біліктілік деңгейін көтеру бойынша жұмыстар жүргізу;
  • қала халқы арасында салауатты өмір салтын насихаттау;

2018 жылғы бекітілген бюджетте денсаулық сақтаудың күрделі шығындары жергілікті бюджет қаражаты есебінен 5 839,9 млн. теңгені құрайды, бұл шығындар медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға және медициналық мекемелерде күрделі жөндеу жүргізуге бағытталады.

Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасының бюджеті халықтың мәдени демалуын және ҚР орналасқан халықтың музыкалық өнерін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға, қазақтың ұлттық мәдениетін, республика халқының мәдениетін және әлемдік мәдениетті дамытуға, шығармашылық Одақтармен, қоғамдық ұйымдармен өазара байланысқа, фестивальді, байқауларды, конкурстарды, жаңа жылдық іс-шараларды, мерейтойлық және естелік күндерін және басқа да мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге.

Бұдан басқа, халықтың материалдық және рухани мәдениетінің ескерткіштерін жинауға және сақтауға, тарихи-мәдени мұраларды сақтауды қамтамасыз етуге, тарихи ескерткіштерді анықтау, есептеу, қорғау, жаңарту, консервациялау, регенерациялау, қолдану және насихаттау бойынша жұмыстарды іске асыру, тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау, пайдалану, есептеу және жаңартуды заңнамамен белгіленген тәртіпте сақтауды бақылауды іске асыру, жас таланттарға, қызметкерлерге қолдау көрсету, материалдық- техникалық базаны нығайтуға және театрландырылған ойын-сауық іс-шараларын, қойылымдарды, спектакльдерді, гастрольдерді ұйымдастыруға бағытталған.

Сонымен қатар, жергілікті бюджет қаражаты оқырмандарды әдебиетке кеңінен тартуға, кітапханалар желісін тұрақтандыруды қамтамасыз етуге және дамытуға, кітап қорын қалыптастыруға және сақтауға бағытталды.

Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы мекемелерінің желісін 18 кітапхана, 2 мұражай, «Қазақстан картасы» этномемориалды саябақ, Ескерткіштер мен тарихи-мәдени мұралар объектілерін сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі дирекция, 5 театр, 7 мәдени-демалыс кәсіпорындары: Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы, Мемлекеттік филармония, Жастар сарайы, Астаналық цирк, Амфитеатр, Номад Сити Холл және 10 балалар-жасөспірімдер мектебі, 1 теннис корты, 2 стадион, 1 мұз сарайы, 1 олимпиадалық резерв дайындау орталығы, 1 спорт клубы, 2 жоғары спорт шеберлігі және спорттың кәсіптік түрлерін дамыту (11 түрі) мектебі құрайды.

Спорт саласына жоспарланған бюджеттік қаражат:

  • салауатты өмір салтын қалыптастыруға, елордалық спортшылардың бәсекеге қабілеттілігін көтеруге, спорттық инфрақұрылымды дамытуға;
  • дене тәрбиесі және спортты дамыту бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға, спорт резервін, халықаралық деңгейдегі спортшыларды дайындауды іске асыруға;
  • дене тәрбиесі және спорттың материалдық-техникалық базасын құруға және нығайтуға;
  • спорттың әр түрі бойынша қалалық құрама командаларын дайындауды және олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысуын қамтамасыз етуге;
  • қала бойынша спорт жарыстарын өткізуге бағытталатын болады.

 

 

Даму бюджеті

 

Даму бюджеті негізінен инвестициялық жобаларды іске асыруға, қала үшін қажетті инфрақұрылым, сондай-ақ әлеуметтік объектілер салуға бағытталады. 2019 жылғы шығындардың жалпы көлемінде даму бюджетінің мөлшері                    167,5 млрд. теңгені немесе 36,3% құрайды, оның ішінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша:

Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасына  70 178,5 млн. теңге қарастырылды, оның ішінде республикалық бюджеттен трансферттер – 54 752,5 млн. теңгені, республикалық бюджеттен несиелер – 9 473,3 млн. теңге, жергілікті бюджет қаражаты – 5 952,7 млн. теңгені құрайды.

Бұл қаражат «Самал» ПС, ЖЭО-3-тен Конституция көшесіне дейінгі тасжол учаскесінде 5 енгізілімнің жылу магистралін, «Көпсалалы мұз айдыны» объектісіне жылу желілерін салуды аяқтауға, ЖЭО-3  құрылысын жалғастыруға, ЖЭО-1 және ЖЭО-2, әрекеттегі магистральдық желілерді реконструкциялауға және жылу-энергетикалық кешеннің өзге де объектілерін іске асыруға бағытталатын болады.

Сондай-ақ, қаражат су өткізу (Алматы ауданы № 2 лот) және өздігінен ағатын кәріз желілерін (Алматы және Сарыарқа аудандары) реконструкциялауды аяқтауға, Жерұйық саябағындағы теннис орталығының 2-кезегін салуға,                             1 көтерілімдегі сорғыш станциясынан СТС-на су беретін құбырды реконструкциялауды бастауға және жалғастыруға, Астана гидроторабының                       1 көтерілім сорғыш станциясын техникалық қайта жарақтандыруға, нөсер кәрізін дамытуды жалғастыруға, жоспарланған Мыңжылдық ауданында желілер мен коммуникациялар салуға, сыртқы жарықтандыру желілерін салу және реконструкциялауға және өзге де коммуналдық шаруашылық объектілерін іске асыруға бағытталатын болады.

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына елорданың көлік инфрақұрылымын дамытуға 45 988,3 млн. теңге қарастырылды, оның ішінде республикалық бюджеттен трансферттер – 35 187,7 млн. теңге, жергілікті бюджет қаражаты – 10 800,6 млн. теңге.

Бұл қаражатты Шағын айналма жол құрылысын жалғастыруға, тұрғын үй алаптарында жолдар мен инженерлік желілер салу мен реконструкциялауға, № 39 көшеден Қалдаяқов көшесіне дейін (1-кезек) және № 27 көше бойында Есіл өзені арқылы көпірге дейінгі учаскеде № 27 көшені салуға, әлеуметтік объектілерге кіреберіс жолдарын және көлік инфрақұрылымының өзге де объектілерін салуға, сондай-ақ ЛРТ салу және 210 қалалық автобус сатып алу жөніндегі несиелік төлемдерді төлеудің жарғылық капиталын ұлғайтуға бағыттау жоспарлануда.

Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасына инвестициялық жобаларды дамытуға 27 527,8 млн. теңге қарастырылды, оның ішінде: республикалық бюджеттен трансферттер – 9 959,7 млн. теңге, жергілікті бюджет қаражаты – 17 568,1 млн. теңге.

Бөлінген қаражат шегінде 4 мектеп пен 2 жапсаржай құрылысы, балабақшаға инженерлік желілер, №69 және С369 көшелерінің қиылысында өрт сөндіру бекеттері, 3 көп пәтерлі тұрғын үй кешені мен тұрғын үй кешендеріне инженерлік желілер құрылысын, кезегінің Есіл өзені арнасының 1,2,3,9 учаскелерінің 5-кезегін реконструкциялауды аяқтау, сондай-ақ құрылыс бейіні бойынша КТМ, ішкі істер органдары объектілерін, мемлекеттік органдардың объектілерін салуды бастауға және аяқтауға, Салтанатты арка ауданындағы дөңгелек алаңды абаттандыру, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шегінде халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін объектілер құрылысын жалғастыру, сондай-ақ, тұрғын үй құрылысы объектілеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу және жайластыру жоспарлануда.

Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасына жергілікті бюджеттен 1 419,4 млн. теңге сомасында жоспарланған қаражат «Көктал» саябағын және жаяу жүргіншілер аймағын салуға, Нұр-Сұлтан қаласының аумағында қоғамдық кеңістіктерді үйлесімді, жайлы жайластыруға, сондай-ақ «Президенттік саябақты» және № 1 үйдің ауданында Шалкөде көшесі бойында скверді  реконструкциялауды бастауға бағытталатын болады.

Қалалық ортаны регенерациялау басқармасына инвестициялық жобаларды дамыту үшін 22 357,0 млн.теңге қарастырылды, оның ішінде: республикалық бюджеттен трансферттер – 19 563,7 млн. теңге, жергілікті бюджет қаражаты – 2 793,3 млн. теңге.

Бұл қаражат 1 мектептің, мектептерге 3 жапсаржайдың құрылысын аяқтауға, Сарыбұлақ бұлағының арнасын теміржол көпірінен бастап ЖЭО-1 бағытына қарай қаланың, Есіл өзені арнасының шекарасына дейін реконструкциялауды аяқтауға, 5 мектептің, 5 жапсаржайдың, көру қабілеті бұзылған балаларға арналған 1 балабақша, иттер және мысықтарға арналған паналар құрылысын бастау және жалғастыруға, сондай-ақ білім беру объектілерін жобалауға бағытталатын болады.

 

Нұр-Сұлтан қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлері осындай.

 


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы
Валюта Покупка Продажа
$
P