Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
November 22, 2018

«Астана қаласының Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ 2018-2020 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы» 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 95 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 

«Астана қаласының Стратегиялық

және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ

2018-2020 жылдарға арналған бюджеттік

бағдарламаларын қайта бекіту туралы»

2018 жылғы 3 қыркүйектегі

№ 95 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 32-бабына, «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы              1 наурыздағы № 326 бұйрығына, «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығына, «Астана қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 214/25-VІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 9 қарашадағы № 321/41-VІ шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1.Осы бұйрыққа 1,2,3 – қосымшаларға сәйкес «Астана қаласының Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ (әрі қарай Басқарма) 2018-2020 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларына өзгерістер енгізілсін.

2.Енгізілген өзгерістер бекітілсін.

3.Басқарманың веб-сайтында 3 күнтізбелік күн ішінде Бюджеттік бағдарламаларды орналастыруды қамтамасыз етсін.

4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Басқарма басшысының орынбасары А.Ә.Түгелбаеваға жүктелсін.

5.Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Басшы                                                                                 Р. Оразғұлов

 

 

Келісілді:

 

 

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы
Валюта Покупка Продажа
$
P