«Астана қаласының Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына, D-О-1 санаты, № 01-01

Астана қаласының Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасында:  «Астана қаласының Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы бос лаузымы бар

«Астана қаласының Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына, D-О-1 санаты, № 01-01

Өлшемдер Талаптар
Білімі Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент); құқық салаларындағы жоғары білім
Құзыреті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген                «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес
Жұмыс

тәжірибесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген                «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес
Функционалдық міндеттері Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына, жалпы қала экономикасының дамуына ықпал ететін сыртқы факторларға талдама жүргізуге басшылық етуді жүзеге асыру. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың Астана қаласын дамыту бағдарламасында қарастырылған стратегиялық нысаналы индикаторлар мен міндеттерге қол жеткізу жөніндегі қызметін үйлестіру; басқарманың бюджеттік бағдарламаларының жобасын әзірлеуге және орындалуын мониторингілеуге басшылық етуді жүзеге асыру; Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының бес жылға арналған болжамының жобасын әзірлеуге басшылық етуді жүзеге асыру; Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының талдамасы негізінде үш жылдық кезеңге арналған жергілікті бюджет параметрлерін әзірлеуді үйлестіру; Астана қаласының бюджетін нақтылау және түзету барысында жылдық қаржыландыру жоспарын құруға және өзгерістер мен толықтырулар енгізуге басшылық етуді жүзеге асыру; Астана қаласы мәслихатының 3 жылға арналған жергілікті бюджет туралы, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімдерінің жобасын, Астана қаласының бюджетін түзету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге басшылық ету.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (ішкі конкурс):

1) нысан бойынша өтініш (қоса беріледі*

2) қызметтік тізім, тиісті персоналды басқару қызметімен куәландырылған күнтізбілік отыз күннен ерте емес құжаттарды беру күніне дейін.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (жалпы конкурс):

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына (әрі қарай – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес  нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидалардың 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған “Б” корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

“Болашақ” халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

“Болашақ” халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға “Халықааралық бағдарламалар орталығы” Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің “Болашақ” халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген “Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген “Наркологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) “Е-қызмет” интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

3), 4), 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Байланыс телефон: 556676 – әкімшілік бөлімінің басшысы Кенжебаева Ш.Т.


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы
Валюта Покупка Продажа
$
P